Жаңалықтар

Университет қабырғасында «Бірлігіміз жарасқан» интеллектуалды ойыны өтті. «10ted.kz» ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген шараның мақсаты - дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Интеллектуалды ортаны қалыптастыру, жастар арасында ораторлық мәдениетті қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған сайысқа 7 команда қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Дәрежелерді беру қағидаларының» 33 бабына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2024 жылғы 29 тамызда бекітілген «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ диссертациялық кеңесі туралы ережесінің» 7.8 бабына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қызметкері Ұлпан Сәменқызына «8D02314 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Университет қабырғасында Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев университеттің  профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Университет қабырғасында «Цифрлық дәуірдегі кәсіптердің трансформациясы» тақырыбында XXVII студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның жабылу салтанаты өтті.

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен ғылыми жоба жетекшілері мен жауапты орындаушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.