Дирекция

САДИБАЕВ АБИЛХАН КИЛИБАЕВИЧ

Факультет деканы, доцент

Байланыс телефоны:

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Сұрақ қою

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Мен, Садибаев Абилхан Килибаевич, 1967 жылы 15 наурызда қазіргі Түркістан облысы, Арыс ауданы, Дермене елді мекенінде дүниеге келдім.

1987 жылы А.С.Пушкин атындағы орта мектепті бітірдім.

1987 жылдың 31 тамызынан 1985 жылдың 15 мамырына дейін Алматы теміржолы Шымкент бөлімшесі «Теміржолшы» совхозының механикалық цехында жұмысшы-слесарь болып жұмыс істедім.

1985 жылыдң мамыры мен 1987 жылдың маусымы аралығында Кеңес Армиясы қатарында борышымды өтедім.

1987 жылдың 22 тамызында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының 1706-Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары мамандығына 1 студенті қатарына қабылданып, 1992 жылдың 23 маусымында «инженер-механик» біліктілігін алып, үздік дипломмен бітірдім.

1992 жылдың 7 шілдесінде «Аль-Сана» көпсалалы ассоциациясына 2 категориялы инженер қызметіне қабылдандым.

1992 жылдың 15 қазанында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Қолданбалы механика» кафедрасының ассистенті қызметіне ауыстым.

1993 жылдың 3 қарашасынан 1994 жылдың 8 қыркүйегіне дейін Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Жастар комитеті төрағасы қызметін атқардым.

1994 жылдың 8 қыркүйегінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасының ассистенті қызметіне ауыстым.

1997 жылдың 1 қыркүйегінде «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасында 2 категориялы инженер қызметіне ауыстым.

1998 жылдың 1 қыркүйегінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасында оқытушы қызметіне ауыстым.

2000 жылдың 1 қыркүйегінен 2001 жылдың 12 қарашасына дейін Тамақ және өңдеу өндірістері факультеті деканы орынбасары қызметін атқардым.

2001 жылдың 12 қарашасында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тамақ инженериясы» кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалдым.

2005 жылдың 1 қыркүйегінде «Тамақ инженериясы» кафедрасы доценті м.а. қызметіне ауыстым.

2006 жылдың 1 қыркүйегінен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» кафедрасы доценті м.а. қызметіне ауыстым. 2008 жылдың 1 қыркүйегінде және 2011 жылдың 1 қыркүйегінде аталған қызметке конкурстық негізде сайландым. 2014 жылдың 1 қыркүйегінде, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде және 2017 жылдың 1 қыркүйегінде «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасы доценті м.а. қызметіне конкурстық негізде сайландым және аталған қызметті 2025 жылдың 19 ақпанына дейін атқардым.

2010 жылдың ақпан айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары қызметін атқардым.

2025 жылдың 2 сәуірі - 26 маусымы ақпаны аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Академиялық жұмыстар жөніндегі департамант директоры қызметін атқардым.

2025 жылдың 20 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Технологиялық факультет деканы міндетін атқарудамын.

1998 жылы 11 қыркүйекте М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 051812-Тамақ өнеркәсібінің процестері және апараттары мамандығы бойынша «Исследование процесса очистки зерна самосортированием в горизонтальных кольцевых каналах вибросепаратора с кинематически жестким приводом» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғадым.

Ғылыми еңбектерінің нәтижелерін 75 ғылыми мақалалар мен ғылыми конференциялардың жинақтарында, оның ішінде 5 мақала  Scopus базасына енетін ғылыми басылымдарда жарияладым.

Педагогикалық және ғылыми еңбегімннің нәтижесі университет ректорының Құрмет грамоталарымен (2017, 2020 жылдар) және Алғыс хатымен (2021, 2024 жылдары), «Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен (2020 жылы) бағаланды. 2023 жылдың сәуір айында білім саласындағы үздік табыстарым үшін М.Х.Дулати төс белгісімен марапатталдым.


  1. Nurzhan Muslimov, Askhat Dalabaev, Abdymanap Ospanov, Abilkhan Sadibaev, Almaz Moldakarimov (2022). Changes in the carbohydrate-amylase complex germination of cereal crops. Journal of Hygienic Engineering and Design, Vol. 40, pp. 114-118.
  2. Nurzhan Muslimov, Askhat Dalabaev, Aigul Timurbekova, Abilkhan Sadibaev, Almaz Moldakarimov, Yerman Spandiyarov (2022). Changes in the protein-protease complex of germinated grains of leguminous crops. Journal of Hygienic Engineering and Design, Vol. 40, pp. 132-138.
  3. Muslimov, N., Ospanov, A., Alzhaksina, N., Dalabaev, A., Tuyakova, A., & Sadibaev, A. (2023). The economic essence of electro-pulse extraction technology in the production of extracts from sprouted grains of cereal crops. Economic Annals-XXI, 201(1-2), 33-43. doi: https://doi.org/10.21003/ea.V201-04.
  4. Muslimov, N., Alzhaxina, N., Timurbekova, A., Dalabayev, A., Tuyakova, A., & Sadibaev, A. (2023). Economic aspects of hydrodynamic extraction in the production of extracts from sprouted grain of cereals. Economic Annals-XXI, 203(5-6), 36-47. doi: https://doi.org/10.21003/ea.V203-05.
  5. Мынбаева, А.Б. «Талқан-Үлпек» ұлттық өнімінің рецептурасын оңтайландыру [Мәтін] / А.Б. Мынбаева, А.К. Садибаев, П.М. Маликтаева, А.С. Умирбекова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – №1(87). – Б.121-128. https://doi.org/10.55956/NTHZ7458
  6. Боранкулова, А.С. Жамбыл облысында өсірілген отандық сұрыпты бидайлардың физика-химиялық құрамын және технологиялық қасиеттерін зерттеу [Мәтін] / А.С. Боранкулова, А.С. Умирбекова, А.К. Садыбаев, Л.Ж. Алашбаева, Б.Е. Солтыбаева, М.Е. Ержанова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – №1(87). – Б.88-96. https://doi.org/10.55956/SNMB4114
  7. Умирбекова, А.С. Богарная-56 сортынан алынған бидай ұнын наубайханада қолдану перспективасы [Мәтін] / А.С. Умирбекова, А.С. Боранкулова, А.К. Садибаев, С.А. Орынбаев, М.Е. Ержанова, Б.Е. Солтыбаева, Л.Ж. Алашбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – №2(88). – Б.82-92. https://doi.org/10.55956/PAUA6927
  8. Ержанова, М.Е. Қауын ұтағы қосылған ұлттық нан өнімдерін өндірудің технологиясын зерттеу [Мәтін] / М.Е. Ержанова, Б.Е. Солтыбаева, А.К. Садыбаев, А.С. Боранкулова, А.С. Умирбекова, Л.Ж. Алашбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – №3(89). – Б.82-90. https://doi.org/10.55956/NUWB9743
  9. Садибаев, А.К. Қауын ұнтағы қосылған нанның рецептурасын оңтайландыру [Мәтін] / А.К. Садибаев, А.С. Боранкулова, А.С. Умирбекова, Б.Е. Солтыбаева, М.Е. Ержанова, Л.Ж. Алашбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. –2025. – №4(90). – Б.122-129. https://doi.org/10.55956/HPAH7835

2023 жылы қол жеткізілген ғылыми қызметтің жоғарғы көрсеткіштері нәтижесі бойынша «ҚР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ»  кәсіби мерекесі күніне орай «Жоғарғы рейтингі журналдардағы жарияланым белсенділігі» бойынша, Алғыс хат, (2023 ж)

 «WorldSkills Jambyl-2024» облыстық чемпионатын өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсенді үлес қосқаны үшін Алғыс хат, (2024 ж)

Энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздері туралы және жоғары оқу орнының студенттері мен қызметкерлерін экологиялық жауапкершіліккуе шақыру мақсатында өткен «Жасыл энергия шақырады» атты іс-шараға белсене атсалысқаны үшін Алғыс хат, (2025 ж)