Жаңалықтар

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен нарықтың өзекті қажеттіліктері мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің  бастауымен  7-11 сәуірі аралығында Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ашылатын зертханаларды аккредитациялау мақсатында ғылыми жобалар жетекшілері мен жауапты орындаушылар үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Шымкент қаласында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде волейболдан қыздар арасында Оңтүстік өңірдің 12 жоғары оқу орны қатысуымен «Оңтүстік» дивизионының ойындары өтті.

2025 жылғы 13 қаңтарда жасалған №14-SA шартына сәйкес, 2025 жылғы 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында университетімізде 39 білім беру бағдарламасына арналып мамандандырылған аккредиттеу өтті. Бұл үдерісті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА-НААР) ұйымдастырды.

Университет қабырғасында  «10ted.dulaty»  ұйымы мен  «Еркін ойлар алаңы»  ИПҰ-нан бастау алған BIRLIK CUP ұйымаралық дәстүрлі пікірсайыс турнирі өтті.