Жаңалықтар

Жамбыл облысында «ENIGMA MODELS» модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен Халықаралық «SILK WAY FASHION EXPERIENCE» сән фестивалі өтті.  Фестиваль Жамбыл облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлікті индустриалды-инновациялық дамыту» КММ, Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, әйелдер кәсіпкерлігінің салалықаралық кеңесі «Іскер әйелдер кеңесі», Республикалық Re.Women қауымдастығы, облыстық әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Respublica және «Ауыл» партияларының Жамбыл облыстық филиалдары, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қолдауымен өткізілді.

3–4 сәуір күндері Мақсұт Нәрікбаев университетінде International Legathon MaxUP 2026 халықаралық кейс-чемпионаты өтті. Құқық саласының болашағына арналған ауқымды сайысқа Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 13 елінен 90-нан астам студент қатысып, өзара бақ сынасты.

Тараз қаласында өткен Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті.

Ақтау қаласында жастар арасында Самбо спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста Дулати университетінің студенті Махамбет Сенім +98 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, І орынға ие болып, чемпион атанды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ERASMUS+ TEX4FUTURE – «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan» халықаралық жобасы аясында индустриялық серіктестермен ақпараттық күн ұйымдастырылып, университет базасында «Текстиль дизайны» білім беру орталығының салтанатты ашылуы өтті. 

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Студенттік спорт лигасының «Оңтүстік» аймақтық кезеңі өтті. Ұлттық ойын - тоғызқұмалақ бойынша Дулати университетінің құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте І орын иеленді.

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының ЖОО арасындағы Студенттік спорт лиганың «Оңтүстік» аймақтық кезеңі өтті. Қазақша күрес сайысында Дулати университетінің студенттері белсенді қатысып, бақтарын сынады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы дайындауға, референдумды ұйымдастыру мен өткізуге атсалысып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ марапатталды.