Мемлекет басшысының бастамасымен жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады. Грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша грант беріліп, әр жобаға 3 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
Аталған байқау қорытындысы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің жастары жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, «Волонтерлік» бағыты бойынша — М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Ултанбаев Арнат,
«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша — Дулати университетінің студенті Токпанова Асель өз жобаларын сәтті қорғап, 3 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленді.
Бұл жетістік университет ұжымының жастар бастамаларын қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының және білім алушылар мен қызметкерлердің белсенді азаматтық ұстанымының нәтижесі болып табылады.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жобаларына сәттілік тілейміз!

