Жаңалықтар

Дулати командасы «Маусымашар-2025» республикалық ойынында үздік өнер көрсетті

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Әдеби жігіттер» жайдарман командасы 2025 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Маусымашар-2025» ойындарында өнер көрсетіп, «Ұлттық лига» финалында университет намысын абыроймен қорғады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік командалар қатысқан додада «Әдеби жігіттер» тартысты ойын көрсетіп, финалдық кезеңге дейін өтіп, өз шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді.

Бәсекеге қарамастан, команда ұлттық сахнада университет атын танытып, Тараз жастарының креативін әрі әзіл мәдениетін лайықты дәрежеде көрсетті.

«Әдеби жігіттер» командасының жетістіктері:

• 2023 жыл – облыстық «Жоғары лига» чемпионы

• Республикалық «NOMAD» жайдарман ойындарының қола жүлдегері

• 2024 жыл – облыстық «Жоғары лига» ІІІ орын

• Қалалық Премьер-лига ойындарының вице-чемпионы

Команда бұған дейін де университет абыройын жоғары деңгейде қорғап келе жатқанын айта кеткен жөн.