Миссия туралы
Кафедра тамыры 1963 жылы Жамбыл филиалының КазХТИ «Жалпыинженерлік пәндер» кафедрасынан басталады. Осы жылы КазХТИ филиалы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты болып қайта құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі Мосалев В.П. (1963-1970 ж.) болды.
1970 жылдан кафедраны жас білімді теплотехник кандидаттық диссертациясын Ленсовет атындағы Россия ЛТИ-да қорғаған (ғылыми жетекшісі АН СССР корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор Романков П.Г.) Қуатбеков М.Қ. басқарды. Қуатбеков М.Қ. кафедраның дамуына зор үлес қосып, кафедраға жоғарғы мамандандырылған кадрлар дайындауда зор еңбек атқарды, 20 ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындап шығарған.
1978 жылы кафедра «Жылу электротехникасы» (кафедра меңгерушісі Керимшеев М.Р.) және «Өндірістік процесстерді автоматтандыру» (кафедра меңгерушісі Тасболатов Темирхан Джумасеитович) болып екіге бөлінді. 1980-1981 жылдары оқытушы-профессорлар құрамын дайындау жұмыстары алдыңғы мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарында МЭИ, ЛТИ, МИХМ, МТИ және ЛТИХП-да жалғастырылды. 1983 жылы Темиргалиев Т.К., Төленбаев М.С., Жүнісбеков М.Ш.,Жандарбеков Л.У.- тер МТИ, КазПТИ-де кандидаттық диссертацияларын қорғады.
1985 жылы кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Тасбулатов Темирхан Джумасеитович ХТФ-ң деканы қызметіне ауыстырылуына байланысты кафедраны т.ғ.к. Жансагимов Бауыржан Жамельевич басқарды. 1986 жылы Жансагимов Б.Ж. Германия мемлекетіне 1 жылдық стажировкаға жіберіліп, одан кейін аға ғылыми қызметкер болып ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.
1987-1992 жылдары кафедраны т.ғ.к. Джунисбеков Мухтар Шардарбекович басқарды. Бұл жылдары мамандықтардың оқу жоспарлары өңделіп, материалдық база бекітілді. 1991 жылы жаңадан ашылған 3603 - «Өндіріс пен технологиялық процестерді автоматтандыру» мамандығына білімгерлер қабылданды.
1992-1997 жж. Кафедраны т.ғ.к.,доцент Нұрғали Мухамбетсагиевич Айтжанов басқарды, кәзіргі кезде АЭжБУ-нің«ТЭ» кафедрысының доцент, оқытушы қызметін атқаруда.
1997-2001жж.т.ғ.д.,профессор Есенбай Ашималиевич Әлпеисов басқарды. Жұмыс орнын ауыстыруына байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жоғарғы оқу орындары аттестациялау басқармасының бастығы, Астана қ. ҚазАТУ-ң профессоры болып қызмет атқарады.
1990 – жылдары кафедраның мамандандырылған ғылыми кадрлары басқа мекемелерге ауысып кетті. т.ғ.к., Тасболатов Т.Д. – Алматы қаласы Білім берудегі ғылыми-әдістемелік орталықтың директоры, Досанқұлов Ж.- Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының «Электротехника» кафедрасының меңгерушісі, қазіргі кезде «Қазақстан темір жолы» РГП Жамбыл бөлімінің жауапты жұмысшысы, басқа жоғары оқу орындары мен кафедраларына Жансагимов Б.Ж. (АИЛПП), Жандарбеков Л.У., Есимбаев О.Ж.(каф. ЭИАСХ ауысып кетті.)
2001 жылы «Техникалық кибернетика» кафедрасы «Автоматика және Электротехника» кафедрасы негізінде құрылған және осы жылдан бастап кафедраға профессор Джунисбеков Мухтар Шардарбекович жетекшілік етті.
2009-2010 жылдары «Электроэнергетика» және «Физика» мамандықтары бойынша кеңейтілу жұмыстары жүргізіліп, кафедра құрамына енгізілді.
«Техникалық кибернетика» кафедрасының ұлғайған оқу жүктемесіне байланысты 1.09.2012ж. бастап ректордың үш кафедраға бөліну қажеттілігі туралы бұйрығы шықты:
- Мұнай-газ ісі мен механика Институтына қарасты «Техникалық кибернетика» кафедрасын «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасына ауыстырылып, «Физика» кафедрасы,«Электроэнергетика» кафедрасы құрылды.
Қазіргі уақытта «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасында 3 БББ бойынша бакалаврлар және 1 БББ магистратура дайындалуда.
- 6B07122 – «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру»
- 6B06211 – «Көп арналы талшықты-оптикалық желілер және байланыс жүйелері»
- 6B07107 – «Цифрлы электр энергетикасы»
- 7М07117 – «Автоматтандыру және басқару» (2 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт)
Қазіргі кезде профессор-оқытушылар құрамы жалпы – 14, оның 5 кандидаттар, 5 PhD доктор, 4 магистрден тұрады.
Серіктестер
Жамбыл облысының кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл
Оқу процесінің практикалық бағыттылығына ерекше көңіл бөлінеді, бұл Жамбыл облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Кафедра өңір кәсіпорындарымен жүйелі ынтымақтастықты жүзеге асырады, олардың ішінде:
«Казфосфат» ЖШС,
«Алель Агро» АҚ ЖФ,
«Таразкожобувь» ЖШС,
«KAZSTONEBOX» ЖШС,
Т.И. Батуров атындағы «Жамбыл ГРЭС» АҚ,
«Қазтелерадио» АҚ филиалы — Жамбыл облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясы,
«Тараз қант зауыты» ЖШС,
«Транстелеком» АҚ филиалы,
«BuildSvyazKom» ЖШС.
Сонымен қатар кафедра өңірдің энергетика саласындағы кәсіпорындарымен, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен, су және жылумен жабдықтаудың автоматтандырылған жүйелерінің коммуналдық кәсіпорындарымен, сондай-ақ Тараз қаласы мен Жамбыл облысының өндірістік және инфрақұрылымдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
«АиТ» кафедрасындағы дуалды оқыту
«АиТ» кафедрасы дуалды оқыту нысанын Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындары — «Қазақтелеком» АҚ және «Казфосфат» ЖШС-мен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
Дуалды оқыту университетте теориялық пәндерді меңгеруді кәсіпорын-серіктестердің өндірістік алаңдарында практикалық дайындықпен ұштастыруды көздейді. Мұндай формат кафедра студенттеріне оқу барысында-ақ нақты өндірістік жағдайларда өзекті кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Дуалды оқыту аясында студенттер:
- кәсіпорындар базасында өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтеді;
- нақты өндірістік және технологиялық жобаларды іске асыруға қатысады;
- заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істейді;
- қолданыстағы стандарттарды, регламенттерді және корпоративтік процестерді зерделейді.
Кәсіпорындарда студенттерге тәжірибелі мамандар арасынан тәлімгерлер бекітіледі, ал кафедра тарапынан білім беру бағдарламасын меңгеруді әдістемелік сүйемелдеуді және бақылауды қамтамасыз ететін ғылыми жетекшілер тағайындалады.
Бітіруші түлек моделі
Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік
Ғылыми жетістіктері
Ғылыми қызмет
Кафедрада профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар мемлекеттік және институционалдық бағдарламалар аясында қаржыландырылатын ғылыми гранттық жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Негізгі жобалар тақырыптары:
- ИРН АР22685501 – «Пойыз қозғалысын интервалдық реттеу жүйелерінің теміржол желілерінің өткізу қабілетіне әсерін бағалау».
2024–2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жас ғалымдар жобасы бойынша гранттық қаржыландыру (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі).
Жоба жетекшісі: Шукаманов Ж.Е. - AP19679604 – «Интеллектуалды көше жарығы – жоғары тиімді және ұзақ мерзімді электрондық басқару механизмі бар басқарылатын автономды жарықдиодты шамдардың оңтайландырылған жалпы жүйесі».
2023–2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі).
Жоба жетекшісі: Джунисбеков М.Ш. - AP19174361 – «Актуаторларда пневмо-демпферлік құрылғыларды қолдану арқылы жел энергиясын түрлендіру тиімділігін арттыру» (постдокторантура).
2022–2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру.
Жоба жетекшісі: PhD докторы Қабанбаев А.Б.
Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары
Сонымен қатар кафедра оқытушылары келесі тақырыптар бойынша ізденістік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
- «Су қоймасы суының параметрлерін автоматты түрде бақылау және деректерді нақты уақыт режимінде беру»
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент м.а. Крыкбаев М.М. - «Ұшқышсыз көлік құралдарының ақпараттық-өлшеу және басқару жүйелері»
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., профессор Темірғалиев Т.К. - «Постөңдеу режимінде амплитудалық-фазалық манипуляция көмегімен сигналдардың параметрлерін, құрылымын және демодуляциясын анықтау»
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Абильдаева А.С.
Студенттердің ғылыми қызметі
- 2025 жылғы 3 сәуірдегі №11 Ғылыми кеңес шешімімен
6В07122 – «АИСУ» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Бексары Дианаға «Студент-зерттеуші» біліктілігі берілді. - «АИСУ» тобының 1 курс студенттері Тохтан Назым және Келесбек Анар
«Фосфор өндірісі процесінде жабдықтардың күйін бақылау және бейімделген басқару жүйесі» атты ғылыми жоба үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломына ие болды.
Бұл жұмыс Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының II кезеңінде (Екібастұз қаласы) 36 жоба (63 студент) арасында 3-орын алды.
- «Ғылым мен білім берудегі IT-технологиялар» VII Халықаралық ғылыми жұмыстар конкурсында (Қарағанды, 2024)
2 курс студенті Бексары Диана 3-орын иеленді. - Студенттердің университеттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы (2025 ж.) аясында кафедра 16 баяндама ұсынды.
Нәтижесінде:
- 1 орын – Акилов Е. және Торопов Д. (пленарлық отырыс);
- секциялар бойынша: 1 орын – 1 студент, 2 орын – 1 студент, 3 орын – 2 студент.
- National Academy of Scientific and Innovative Research комитетінің халықаралық конкурсының жеңімпаздары
Акилов Е.К. және Бексары Диана «2024 жылдың үздік студенті» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. - «Үздік жас ғалым» жобасында (2024 жылғы 27 желтоқсан, “Endless Light in Science” халықаралық зерттеулер орталығы)
Шубаев Мейрхан I дәрежелі дипломмен жеңімпаз атанды.
Жасанды интеллект бойынша идеялар конкурсы
Кафедрада «AI Generation: Болашақ идеялары» атты жасанды интеллект саласындағы идеялар конкурсы өткізіледі.
Конкурстың мақсаты — студенттердің жасанды интеллект, машиналық оқыту, деректерді талдау және цифрлық технологиялар саласындағы шығармашылық және зерттеушілік идеяларын анықтау, дамыту және қолдау. Сонымен қатар инженерлік, медициналық, әлеуметтік және басқа да салаларда ЖИ-ді практикалық қолдануға қызығушылықты арттыру.
Конкурстың міндеттері:
- студенттердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту;
- цифрлық және жобалық дағдыларын жетілдіру;
- жасанды интеллект саласында креативті ойлауды қалыптастыру;
- ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау.
2025–2026 оқу жылында конкурсқа келесі білім беру бағдарламаларының 1–4 курс студенттері қатысты:
- 6В07122 – Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және информатизация
- 6В06211 – Көпарналы талшықты-оптикалық желілер және байланыс жүйелері
- 6В07107 – Цифрлық электр энергетикасы
Конкурс нәтижелері
Конкурс комиссиясының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1 орын – 6В06211 БББ 4 курс студенті Оразалы Күнсұлу
2 орын – 6В07122 БББ 4 курс студенті Торопов Дмитрий
2 орын – 6В07122 БББ 4 курс студенті Орловский Святослав
3 орын – 6В07122 БББ 1 курс студенті Айтқұл Нұрғиса
3 орын – 6В06211 БББ 2 курс студенті Нарқыз Әсетқызы
3 орын – 6В07122 БББ 4 курс студенті Якубов Рамиль
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- «Үздік инженерлік идея» – 6В07122 БББ 4 курс студенті Сәскебай Мұхамедәлі
- «Жыл серпілісі» – 6В07122 БББ 3 курс студенті Рысбек Фараби
- «Әлеуметтік әсер» – 6В07122 БББ 3 курс студенті Базыкен Бауыржан
Кафедра жетістігі
Білім беру ұйымдарында эксперименттік режимде жүзеге асырылатын оқу бағдарламаларын әзірлеу, апробациялау және енгізу ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №237 бұйрығымен, «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне» эксперименттік режимде 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Мехатроника» бакалаврлық білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау құқығы берілді, мерзімі төрт жыл.
Жоғарыда аталған бұйрық негізінде М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Мехатроника» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлады. Мехатроника мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы Люблин технологиялық университетімен (LUT, Польша) бірлесіп жүзеге асырылды, онымен екіжақты ынтымақтастық Меморандумы жасалып, қосымша келісіммен бекітілді, оған сәйкес бакалавриат және магистратура бағдарламалары аясында қос дипломдық білім беру жүзеге асыру туралы келісім қабылданды.
Осы меморандумға сәйкес студенттер алғашқы екі жылын ТарМУ-де оқып, соңғы екі жылын Польшадағы LUT-де оқып бітірді, онда ең заманауи оқу-зерттеу зертханалық базасы бар. Оқыту аяқталған соң түлектер Еуропалық және Қазақстандық дипломдар алды, бұл жас мамандардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктері мен географиясын едәуір кеңейтеді, бұл бәсекелестік жағдайында маңызды.
Осы бағдарлама нәтижесінде келесі студенттер екі дипломның иегерлері болды: 5B070200 – Автоматизация и управление және Мехатроника: Марқабаева Д., Сұлтанов Д., Киселев К., Есенова А., Крахмалева А., Амалбек Ә., Сеилбек А.
2013–2015 жылдары проф. М.Ш. Джунисбеков Қазақстан Республикасы БҒМ грантын 20 млн теңге көлемінде жеңіп алып, «Кіші қуатты мобильді жел энергетикалық қондырғыларын әзірлеу» тақырыбы бойынша жоба жетекшісі болды, нәтижелері кафедрада енгізілді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас ғалымдар мемлекеттік және институттық бағдарламалар аясында ғылыми гранттық жобаларды белсенді жүзеге асырады, тақырыптары:
ИРН АР22685501 “Пойыз қозғалысын интервальдық реттеу жүйелерінің теміржол желілерінің өткізу қабілетіне әсерін бағалау”, 2024–2026 жылдарға арналған Жас ғалым жобасы (БҒМ РК). Шукаманов Ж.Е.
AP19679604 «Интеллектуалды көшелік жарықтандыру – жоғары тиімді және ұзаққа шыдамды электрондық басқару механизмі бар автономды жарықдиодты шамдарды басқарылатын жүйеге оңтайландырылған жалпы жүйе», 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобалар гранты (БҒМ РК). Джунисбеков М.Ш.
Осы жоба аясында кафедраның 2.2-307 аудиториясы жаңа буын заманауи компьютерлік сыныппен жабдықталды, бұл оқу процесінің сапасын айтарлықтай арттырады, зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жағдайларын жасайды.
AP19174361 Ветер энергиясын түрлендіру тиімділігін пневмо-демпферлі құрылғыларды актуаторларда қолдану арқылы арттыру (постдокторантура). 2022–2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасының гранты. PhD доктор Қабанбаев А.Б.
Кафедра оқытушылары бірнеше рет БҒМ РК алғыс хаттары, грамоталар және құрмет грамоталарымен марапатталған (Джунисбеков М.Ш., Ералиева Б.Ш., Сугурова Л.А.).
Проф. М.Ш. Джунисбеков БҒМ РК құрмет грамоталары, Жамбыл облысы әкімінің алғысы, «Ұлағатты ұстаз» (Тараз қаласы әкімдігі), М.Х. Дулати медалі, БҒМ РК құрметті қызметкері болып саналады, оған 2009 және 2023 жылдары «Үздік университет оқытушысы» атағы берілді. 2025 жылғы 24 қазанда Республика күні қарсаңында Қазақстан Президентінің Жарлығымен Джунисбеков М. «Еңбек ерекшелігі үшін» медалімен марапатталды.
2018–2023 жылдар аралығында 5B070200 – АиУ және 5B071900 – РЭТ мамандықтарының студенттері республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
«Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасы
|
№ |
Студенттің аты-жөні. Мамандығы (шифр – атауы) |
Олимпиада атауы. Шараны өткізу мерзімі. Өткізу орны. Жүлделі орын. |
|
1 |
5В070200 «АиУ» Илиясова Дамира Бейсебаевича, Қамшиева Қайсара Қанжарбекұлы, Есмұратовой Молдир. |
VIII Республикалық пәндік олимпиадасында, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, 2016 жылғы 7.04–8.04 аралығында өткен. 2 орын VIII Республиканской предметной олимпиаде в Казахском национальном исследовательско-техническом университете им.К.И.Сатпаева, которые проходили с 7.04-8.04.2016 г. 2 место VIII Republican Subject Olympiad at the Kazakh National Research Technical University named after K. I. Satbayev, held on April 7–8, 2016. 2nd place |
|
2 |
5В071900 «РЭТ» Тубашов Есмұхан Серікханұлы, Берікбай Ернұр, Әлшеров Нұрдоса Садықұлы |
Алматы энергетика және байланыс университеті-де өткен VIII Республикалық пәндік олимпиада, 11.04–13.04.2016 ж. (командалық 1 орын). Тубашов Есмұхан – 1 орын; Берікбай Ернұр – 2 орын. VIII Республиканской предметной олимпиаде в Алматинском университете энергетики и связи, которые проходили с 11.04-13.04.2016 г.(1 командное место) Тубашов Есмұхан – 1 место; Берікбай Ернұр – 2 место. VIII Republican Subject Olympiad at the Almaty University of Power Engineering and Telecommunications, held on April 11–13, 2016 (1st team place). Tubashov Esmukhan – 1st place; Berikbay Ernur – 2nd place. |
|
3 |
5В070200 - «АиУ» Богуспаев Абылай Бахыткаримович
|
VIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада, 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша, 2017 жылғы 6–7 сәуір. 2 орын VIII Республиканской студенческой предметной олимпиаде по специальности 5В070200-Автоматизация и управление, 6 - 7 апреля 2017 года, 2 место VIII Republican Student Subject Olympiad in the specialty 5B070200 – Automation and Control, April 6–7, 2017. 2nd place |
|
4 |
Иманбердиева Асыл, Амангельді Құралай,Такен Сая 5В071900-Радиотехника,электроника және телекоммуникация |
X Республикалық студенттік пәндік олимпиада, 2018 жылғы 12 сәуір, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. III орын Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада 12.сәуір 2018 ж С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде IIIорын X Republican Student Subject Olympiad, April 12, 2018, at the S. Seifullin Kazakh Agrotechnical University. 3rd place |
|
5 |
Баймаганбетов Турсынбек Османович, 5В070200-Автоматтандыру және басқару |
5В070200 – АиУ мамандығы бойынша пәндік олимпиада, 2019 жылғы 7–13 сәуір, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. ІІ орын 5В070200-АиУ мамандығы бойынша пәндік олимпиада 07-13 сәуір 2019 ж Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ІІ орын Subject Olympiad in the specialty 5B070200 – Automation and Control, April 7–13, 2019, at the D. Serikbayev East Kazakhstan State University. 2nd place |
|
6 |
Төстікбаев Тастанбек 5В071900-Радиотехника,электроника және телекоммуникация |
ХІ Республикалық пәндік олимпиада, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша, 2019 жылғы 29 наурыз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ІІ орын ХІ Республикалық «Радиотехника,электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша пәндік олимпиада29 наурыз 2019 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІ орын XI Republican Subject Olympiad in the specialty “Radio Engineering, Electronics, and Telecommunications,” March 29, 2019, at the Al-Farabi Kazakh National University. 2nd place |
|
7 |
Дидарұлы Әділет, Жеңісбек Арман Жеңісбекұлы, Бекберді Ернұр Ерланұлы 5В070200-Автоматтандыру және басқару
|
5В070200-АиУ мамандығы бойынша пәндік олимпиада 22 Мамыр 2020 ж. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті IIIорын Предметная олимпиада по специальности 5В070200 – Автоматизация и управление, 22 мая 2020 года, в Алматы энергетика и связь университет имени Ғұмарбека Дәукеева. III место Subject Olympiad in the specialty 5B070200 – Automation and Control, May 22, 2020, at the Gumarbek Daukeyev Almaty University of Power Engineering and Telecommunications. 3rd place |
|
8 |
Ізмұханов Ермұхан 5В070200-Автоматтандыру және басқару
|
5В070200-АиУ мамандығы бойынша пәндік олимпиада 15-16 сәуір 2021 ж. Сәтбаев Университеті IIIорын Предметная олимпиада по специальности 5В070200 – Автоматизация и управление, 15–16 апреля 2021 года, в Университет Сәтбаева. III место Subject Olympiad in the specialty 5B070200 – Automation and Control, April 15–16, 2021, at Satbayev University. 3rd place |
|
|
АкилтаевАскар Асилханулы 5В070200-Автоматтандыру және басқару
|
5В070200-АиУ мамандығы бойынша пәндік олимпиада 21-22 сәуір 2022 ж. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті IIIорын Предметная олимпиада по специальности 5В070200 – Автоматизация и управление, 21–22 апреля 2022 года, в Алматы энергетика және байланыс университет имени Ғұмарбека Дәукеева. III место Subject Olympiad in the specialty 5B070200 – Automation and Control, April 21–22, 2022, at the Gumarbek Daukeyev Almaty University of Power Engineering and Telecommunications. 3rd place |
|
|
Акилтаев Аскар Асилханулы АбдраимовАзимбекАбдынасирович 5В070200-Автоматтандыру жәнебасқару
|
5В070200-АиУ мамандығы бойынша пәндік олимпиада 20-21 сәуір 2023 ж. Сәтбаев Университеті III командылық орын Предметная олимпиада по специальности 5В070200 – Автоматизация и управление, 20–21 апреля 2023 года, в Университет Сәтбаева. III командное место Subject Olympiad in the specialty 5B070200 – Automation and Control, April 20–21, 2023, at Satbayev University. 3rd team place |


