Кәсіби өмірбаяны / Білімі
«Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы.
1995 ж. – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты «Экономика» кафедрасына тағылымдамашы-оқытушы болып қабылданды.
1996 ж. – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты «Экономика» кафедрасына ассистент қызметіне тағайындалды.
2004 ж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Экономика» кафедрасына оқытушы қызметіне ауыстырылды.
2005 ж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Салалық экономика» кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауыстырылды.
2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Туризм және сервис» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.
2022 жылғы 14–26 қараша аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орындарына арналған Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Туризм және қонақжайлылық индустриясы» курсы бойынша (72 сағат көлемінде) толық курсын тыңдады (Сертификат №9532).
2024 жылғы 09.04–22.04 және 2025 жылғы 16.04–29.04 аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған «Қонақжайлылық индустриясындағы кәсіби этика» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын жүргізді.
Білімі
1990–1995 жж. – «Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, біліктілігі – инженер-экономист. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты. Үздік диплом.
2005–2007 жж. – «Құқықтану» мамандығының бакалавры. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
2009–2011 жж. – экономика ғылымдарының магистрі. 6М050600 – «Экономика». М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. Үздік диплом.
2 оқу құралының және көптеген жарияланымдар мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы болып табылады.
Білім беру саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму департаменті Құрмет грамотасымен, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Алғыс хаттарымен марапатталған.