Музыка және көркемдік білім

ДЖУМАШЕВА АЙГУЛЬ СЕРИКХАНОВНА

 аға оқытушы, Педагогика және психология ғылымдарының магистрі

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Джумашева Айгуль Серикхановна «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 18 жыл.

- 2007-2011 жылдар аралығында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы қызметін атқарды;

- 2011-2017 жылдар аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде аға оқытушы болып «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша дәріс берді;

- 2017-2018ж. Тараз қаласы №13 орта мектебінде педагог-психолог болып, оқушылармен жұмыс жасады;

- 2018-2023 жылдың аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде аға оқытушы болып жұмысқа орналасып, 2020-2021ж. екі университеттің бірігуіне байланысты М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Көркем графика және дизайн» кафедрасының магистр аға оқытушы қызметін атқарды. Кафедрада «Көркем еңбекті оқыту әдістемесі», «Бейнелеу өнері тарихы және теориясы», «Сурет», «Живопись», «Композиция», «Қол өнері негіздері» пәндерінен дәрістер берді.

- 2023-2025ж. аралығында Тараз қаласы №13 орта мектебінде педагог-психолог болып, оқушылармен жұмыс жасады және «Көркем еңбек» пәнінен қосымша сабақтар берді.

- 2025 жылдың маусым айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде, қабылдау комиссиясының рекрутинг маманы болып жұмысқа орналасып, қыркүйек айынан бастап «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы және  «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқаруда.

Білімі: Жоғары

  1. 2002-2006 жж. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Біліктілігі: «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімі.

  1. 2008-2010 жж. Тараз Инновациялық-Гуманитарлық Университеті

Академиялық біліктілігі: «Педагогика және психология» магистрі

2008-2025жж. аралығында халықаралық және республикалық конференцияларда баяндамалар жасап, республикалық түрлі басылымдарда 45-ке тарта ғылыми мақалалары  педагогикалық, патриоттық тәрбие, инновациялық технология, 12 жылдық білім беру мәселелері бағыттарында жарық көрген.