«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы
1998-2002 жж. Тараз қаласы, Ы.Алтысарин атындағы №49 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі, 2002-2005 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Педагогика» кафедрасының оқытушысы, 2005-2006 жж. оқу бөлімінің әдіскері, 2006-2011 жж. «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының оқытушысы, 2012-2013ж. «Педагогика» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2013-2015 жж. «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, 2015-2018жж. «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы, 2018-2021жж. «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі, 2021 жылдан бастап «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (Алматы, 2015, 2019), «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (Астана, 2016), ҚР ЖОО Ассоциациясы (Алматы, 2021), VYTAUTAS MAGNUS UNIVERSITY (Тараз, 2021) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2023), TotalEnergies Professeurs Associés (Тараз, 2024), М.Х.Дулати атындағы Тараз универсиетінде (2002-2026) біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде (2024), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (2025) дәріс оқыған.
Музыкалық білім мен тәрбие беру, музыканы оқытудағы жаңа тәсілдер, білім алушылардың шығармашылықтарын қалыптастыру бағыты бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарымен және музыкалық шығармалар (ән) жазумен шұғылданады. Жұмыс тәжірибесі- 28 жыл.
ТарМПИ 50 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгісі (2018), Жоғары және ЖОО кейінгі білім беру саласының «Үздік педагогы» төсбелгісі (2019), Тараз қаласы Әкімінің Құрмет грамотасы (2020), Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хаты (2025), М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Ректорының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Білімі:
Жоғары білім: 1994-1998 жыл. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Музыка және ән айту» мамандығы. Біліктілігі: «Музыка және ән айту мұғалімі»
Магистратура: 2003-2005 жыл. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 540350-«Педагогика» дайындық бағыты.