1983 жылғы 23 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы «Суретші-көркемдеуші» біліктілігі бойынша жоғары білім алды.
2006–2008 жылдар аралығында Тараз институтында зертхана меңгерушісі және офис-тіркеуші қызметтерін атқарды.
2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз педагогикалық институтының «Кәсіптік оқыту» кафедрасында оқу шебері қызметін атқарды.
2012 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдап, «Өнер магистрі» академиялық дәрежесін алды.
2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Кәсіптік оқыту» кафедрасында оқытушы, 2015 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарды.
2013–2018 жылдар аралығында «Өнер және мәдениет» факультетінде оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды. Еңбек жолында жоғары кәсіби нәтижелері үшін бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 8D014 – «Жалпы дамудың мамандандырылған педагогтерін даярлау» бағыты,
6D012000 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға қабылданып, 2021 жылы сәтті аяқтады.
2023 жылы Қазақ спорт және туризм академиясында докторлық диссертациясын қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы, сондай-ақ «Өнер және спорт» факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарды.
2024 жылдың наурыз айынан бастап «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Кошкинбаева Нургуль Рыспаевна – Қазақстан Республикасының азаматы.