Музыка және көркемдік білім

Ділтан Мақсат Мадиярханұлы

аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы.

2016-2018 жылдары Алматы қаласы, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының хор артисі болып қызмет жасады.

2018-2019 жылдары Алматы қаласы, «Мирас» халықаралық меткебінде – музыка пәні мұғалімі, музыкалық жетекші болып жұмыс жасады.

2018 жылы Әзірбайжан республикасы, Баку қаласы, Узеир Гаджибейли атындағы Баку музыкалық академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2019-2020 жылдары Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясының «Эстрада вокалы» кафедрасының оқытушысы болды.

2019-2020 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Вокал және дирижерлау» кафедрасында қосалқы мөлшерде оқытушы қызметін атқарды.

2020 жылдан осы күнге дейін Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, «Музыка және көркемдік білім» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.

«Б.Ә.Жаманбаевтың педагогикалық әдістемелерінің сипаттамасы»

«Қазақстандағы хор өнерінің қалыптасу және даму кезеңдері» тақырыптарында мақалалар жариялымға шықты.