Музыка және көркемдік білім

Жантаева Маржан Кумисбековна

аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

1991-ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыка және хормен дирижерлау» кафедрасынан бастап қазіргі уақытқа дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушы болып еңбек етіп келеді.

60 ден аса - ғылыми мақалалармен, оқу-әдістемелік құралдардың, әдістемелік нұсқаулардың, дәрістер жинақтарының авторы.

«Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы», «Музыканы оқыту әдістемесі», «Негізігі музыкалық аспап-баян», «Жастардың музыкалық тынығуы», пәндерінен дәріс береді.

1999-2009 жылдар арасында институттың «Педагогика», «Шығармашылық мамандықтар» факультеттерінде тәрбие жұмыстар жөнінде деканның орынбасары жұмысын атқарды.

2010 -2022 жылдар арасында «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің, «Өнер және спорт» факультетінің оқу-әдістемелік бюроның, сапамен қамтамасыз ету комиссиясының төрайымы.

2017 ж. І.Жансугуров атындағы, Талдыкорган ЖМУ өткен 5В010600 Музыкалық білім мамандығының «Музыканы оқыту әдістемесі» пәнінен ІХ- Республикалық пәндік олимпиадасына студентті кәсіби деңгейде даярлаған үшін. 2 орын Алғыс хат;

2019 ж. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік педагогы» атағы берілді;

2019 ж. «Үздік әдіскер-2019» дипломымен марапатталды;

2021 ж. Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда өткен 6В010600 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыканы оқыту әдістемесі» пәнінен ХІІІ- Республикалық пәндік олимпиадасына студентті кәсіби деңгейде даярлағын үшін. 2 орын.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары оқу орындары арасындағы XVI Республикалық пәндік олимпиадасының 6В01406 «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша лауреатының кәсіби даярлығы үшін алғыс алдым. Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория, 3-орын.

  1. Бастауыш мектепте музыка сабағын ұйымдастыру тәсілдері. №157/2025 ж. Халықаралық ғылымның дамуы туралы журнал.
  2. Музыкалық білім берудегі халық педагогикасының мәні.

IX Международная научная конференция. Стокгольм, Швеция. 21-22 мая 2024 г.

3. Бастауыш сыныптардағы музыка сабақтарында музыкалық образбен жұмыс.