Қылмыстық құқық және процесс

Жумагулова Багира Писпекбайкызы

Кафедра меңгерушісі,, заң ғылымдарының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

1993 жылы 1-қыркүйекте М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп 1998 жылы оқуымды бітірдім.

2002 жылы 3-қаңтарда жеке еңбек келісімшарты негізінде «Қылмыстық құқықтық пәндер» кафедрасына лаборант қызметіне ауыстым.

            2003 жылы 18-ақпаннан 2003 жылы 10-шілдеге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрамындағы көпсалалы колледжіне оқытушы қызметіне қабылдандым. 2003 жылы 16-қыркүйек күні тараптар арасындағы келісім бойынша еңбек шарты тоқтатылды.

       2003 жылы 22-қыркүйекте  «Тараз-ғасыр» колледжіне құқықтану пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналастым аталған кафедраның меңгерушісі қызметін атқардым. Бұл оқу орнынан 2008 жылы 27-тамызда өз еркіммен жұмыстан шықтым.

2008 жылы 1-қыркүйекте М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Қылмыстық құқықтық пәндер» кафедрасына аға оқытушы лауазымына жұмысқа қабылдандым. 2016 жылы 1-қыркүйекте конкурспен «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасына аға оқытушы қызметіне сайландым.

        ҚР Үкіметінің 11.10.2019 жылғы №752 қаулысының ҚР Қаржы министрплігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 03.06.2020 жылғы №346 бұйрығының негізінде ҚРБҒМ «М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті» ШЖҚ РМК және ҚРБҒМ, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті» ШЖҚ РМК біріктіру және қайта құру жолымен «М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылды. 2024 жылы 17-қаңтарда «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы қызметіне қабылдандым. Осы қызметіммен қоса, кафедрада аға оқытушы лауазымында жұмысымды атқарып келемін.

Білімі

1991 – 1993 Жамбыл есеп-экономикалық статистикалық техникумы. «Іс жүргізуші» мамандығы.

1993 - 1998 жж. — М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті.

2000–2002 жж. — «Құқықтану» мамандығы бойынша, бакалавр,

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университеті.

2009–2011 жж. — «Құқықтану» мамандығы бойынша. Заң ғылымдарының магистрі,

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті