«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2022» республикалық конкурсының жеңімпазы. Ізденушінің наукометриялық көрсеткіштері:
— Web of Science дерекқоры бойынша: H-index = 1;
— Scopus дерекқоры бойынша: H-index = 2.
Т.Касенованың еңбектері төмендегі жетекші халықаралық ғылыми журналдарда дәйексөзделген: Nuclear Physics D (авторлар: V. Belavin — РФ, D. Gepner — Израиль, H. Wenzl — АҚШ) және Journal of Knot Theory and Its Ramifications (авторлар: M. Elhamdadi, D. Swain — АҚШ).
Academic IELTS сертификатын 5.0 баллмен алған (алу күні — 02.11.2020 ж.).
Калифорния мемлекеттік университетінде (Фресно қ., АҚШ) қашықтан ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өткен.
Тағылымдамадан өту кезеңі: 20.11.2020 – 17.02.2021 жж.
Web of Science (Percentile 93, Quartile Q1, Impact Factor 3.3, Corresponding author) және Scopus (Percentile 80, Quartile Q1, Impact Factor 5.7, Statistical and Nonlinear Physics санаты, CiteScore 7.5) дерекқорларына кіретін, импакт-факторы жоғары шетелдік журналдарда 2 мақала жарияланған;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған мерзімді басылымдарда 3 мақала, оның ішінде Web of Science және Scopus дерекқорларына кіретін, дәйексөзделетін журналда жарияланған 1 мақала (Corresponding author);
Web of Science және Scopus дерекқорларына кіретін шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында 2 мақала (жеке автор, Corresponding author);
Халықаралық конференциялар материалдарында 3 мақала және 1 тезис (Corresponding author).