Қолданбалы математика және физика

Бештаева Разила Абзелхановна

аға оқытушы, магистр

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 






 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

«Қолданбалы математика және физика» кафедрасының аға оқытушысы.

2005–2007 жж. №8 мектеп-гимназияда  математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2007–2018 жж. «Қолданбалы және есептеу математикасы» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қолданбалы математика және физика» кафедрасының аға оқытушысы.

Ғылыми-зерттеу қызметі қатарлар және дифференциалдық теңдеулер теориясы, сондай-ақ диффференциалдық теңдеулер мен жүйесін орнықтылыққа зерттеу салаларын қамтиды. Бакалавриат студенттеріне арналған келесі пәндер бойынша дәрістік оқу-әдістемелік материалдар әзірлеген: «Көпмүшелер алгебрасы», «Математикалық талдау-4», «Қарапайым дифференциалдық теңдеулер», «Математикалық логика», «Дифференциалдық теңдеулер жүйесі»,  «Математикалық талдау-3», «Күрделілігі жоғары математикалық есептерді шешудің теориясы мен әдістері», «Орнықтылық теориясы».

Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі — 14жыл.

Білімі

2000–2005 жж. — «Математика» мамандығы бойынша бакалавриат,

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.

2005–2007 жж. — «Математика және физика» мамандығы бойынша магистратура,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.


Ф.И.О. преподавателя

Google scholar

Scopus Author ID

Researcher ID

ORCID

РИНЦ/SPIN код

10

Бештаева Р.А.

 

 

JXL-3739-2024

 

0009-0008-2456-9353

 

 

1. Ә.Т.Жақаш, Р.А.Бештаева, Б.Д. Серік, Пневможетектегі механизмдердің динамикасы,  // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.229-238.

2. Ә.Т.Жақаш, Р.А.Бештаева, А.Есилханқызы, «Вертикаль білікке бекітілген екі маятникті дискінің қозғалысының математикалық және компьютерлік моделі» Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Математика және компьютерлік ғылымдардың заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция. 2024жыл, 2-3 мамыр, 174-181б.

3. Л.К.Болеева, Р.А. Бештаева, « EXCEL электрондық кестесінде екінші ретті қарапайым дифференциалдық теңдеулер үшін Коши есебінің бір қадамды сандық шешу әдістерін салыстыру» XVIII GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS: CENTRAL ASIA. международный научно-практический журнал, № 4(18). декабрь 2022, I том  10-15 бет.

4. Балтабай Л.Н., Бештаева Р.А., «Параметрлері бар теңдеулерді графиктік тәсілмен шешудің MS EXCEL бағдарламасындағы мүмкіндіктері». Өскемен қаласы, «Ғылым, қоғам, мәдениет: қазіргі таңдағы өзара әрекеттеcтігінің мәселелері мен болашағы» атты VIІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 159-164б.

5. Жұмабай А.Л., Бештаева Р.А., «Векторлық алгебраны оқытудың инновациялық тәсілдері және оларды EXCEL бағдарламасы арқылы жүзеге асыру», Өскемен қаласы, «Ғылым, қоғам, мәдениет: қазіргі таңдағы өзара әрекеттеcтігінің мәселелері мен болашағы» атты VIІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 169-173б.

6. Қанатова З.А., Бештаева Р.А. «Айқындалмаған функциялары бар есептерді MAPLE бағдарламасы арқылы шешу», Өскемен қаласы, «Ғылым, қоғам, мәдениет: қазіргі таңдағы өзара әрекеттеcтігінің мәселелері мен болашағы» атты VIІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 237-243б.