Баимбетова Әйгерім Әбдімәлікқызы
Қауымдастырылған проф (доцент), филология ғыл.кандидаты
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Кәсіби Өмірбаяны/Білім
Баимбетова Айгерім Абдималиковна 1994 жылы Жамбыл педогогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған. 1996 жылдан бастап аталған оқу орнының «Қазақ тілі» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметін атқара бастаған.
Ғылыми ізденістерінің нәтижесінде 1999 жылдың 24 желтоқсаннында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанындағы диссертациялық кеңесте 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша профессор Ә.Жүнісбековтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі тоғысыңқы дауыссыз дыбыстардың фонетикалық түрленімі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленген.
Баимбетова Айгерім 1996 жылдан бері тіл білімі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үзбей жалғастырып келеді. Оқытушы жоғары оқу орнында қызмет еткен жылдары 3 оқу құралын, 60-дан астам мақала жариялап, ғылыми жұмыспен айналысуда.
2014 жылы «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» атты оқу-әдістемелік құралы және 2018 жылы «Қазіргі қазақ тілінің фонологиясы» атты оқу құралы жарыққа шыққан.
Ғылыми бағыты: Филология – тіл білімі – фонетика
Ғылыми жобалар
Жарияланымдар
- Қазақ тіліндегі дыбыстардын артикуляциялық моделі. ВАК, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы. 2017 ж. Педагогикалық сериясы. 65-73 бб.
- Қазақ тілінің фонетикасындағы дыбыстардың жасалым үлгілері. ВАК. Ш. Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы ISSN 1608-2206. Филология сериясы. № 4 (1), 2020.5-12 бб. Т.Абдықадырова және Э. Шахановамен бірге. -22-30 бб.
- М. Жұмaбaевтың педaгогикaлық ой-пікірлері (Ұстaз қызметінің негізгі мaзмұны хақында). ВАК Ясауи университетінің хабаршысы ғылыми журналы №4 (118) 2020 қазан-қараша-желтоқсан, Түркістан. 151-162 бб.
- Қазақ ұлттық мақал-мәтелдеріндегі ұлттық код. Ясауи университетінің хабаршысы. ККСОН Нөмірі 1 №131, 163-175 бб. 2024 ж.
- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерінің ұлттық мәдени коннотациясы және ұлттық код. Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы, ККСОН, Филология сериясы №1 2024 ж. 67-74 бб.
Ғылыми жетістіктер