Мейірманова Гүлнұр Советқызы, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған. Сол 2000 жылдан бастап аталған оқу орнының «Қазақ тілі» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметін атқара бастаған.
Көп жылғы ғылыми ізденістерінің нәтижесінде 2009 жылдың 28 қаңтарында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша профессор Р.С.Әмірдің жетекшілігімен «Синтаксистік жүйедегі есімдіктердің қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленген.
Г.С. Мейірманова 2000 жылдан бері тіл білімі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үзбей жалғастырып келеді. Оқытушы жоғары оқу орнында қызмет еткен жылдары 3 оқу құралын, монографиясын және 60-дан астам мақала жариялап, ғылыми жұмыспен айналысуда.
Г.С. Мейірманова «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, синтаксисі» пәндерінен, «Мәтін лингвистикасы», «Синтаксистік жүйедегі сілтеу құралдары» және т.б. пәндерден студенттерге, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқиды және практикалық сабақтар жүргізеді.
2017 жылы «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» атты оқу-әдістемелік құралы және 2018 жылы «Синтаксис мәселелері» атты оқу құралы, 2019 жылы «Синтаксистік жүйедегі есімдіктердің қызметі» атты монографиясы жарыққа шыққан.
Ғылыми бағыты: Филология – тіл білімі – грамматика – синтаксис, дискурсивті, коммуникативті синтаксис, функционалды грамматика.