Қазақ тілі мен әдебиеті

Молдабаева Айнұр Айтмұханқызы

Аға оқытушы, филология ғылымдары магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Кәсіби Өмірбаяны/Білім

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы

2003-2009 жылдары Тараз қаласы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 2009 жылы 2-қазанда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік унисерситетіне «Педагогика, психология және тарих» кафедрасына лаборант қызметіне орналастым.

2010 жылы 1-ақпанда аталмыш университеттің «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасына оқытушысы қызметіне ауыстым.

2013 жылдың 2-қыркүйегінде аталмыш кафедраның аға оқытушы қызметіне тағайындалдым.

2023 жылы 18-қазанда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауыстым. Қазіргі таңда осы кафедраның аға оқытушысы қызметін атқарып келемін.

 Білімі:

1999-2003ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавриатта оқыдым.

2003-2005ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті филология мамандығы бойынша магистратура оқыдым.