Дене шынықтыру мен спорт теориясы

Умаров Асылбек Хожалиевич

аға оқытушы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

   

 

Кәсіби өмірбаяны/Білімі

Кәсіби өмірбаян

«Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы.

Еңбек жолы және тәжірибесі:

2008–2017 жж.: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Мұнай газ және энергетика факультеті, Технологиялық машиналар жабдықтары кафедрасының инженері.

2017–2026 жж.: М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы.

Тағылымдамалар: Салауатты өмір салтын белсенді ұстанады, командалық спорт түрлерінен (футбол, волейбол) және жеңіл атлетикадан жоғары дайындық деңгейіне ие.

Жарыстарға қатысу: М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушы-профессорлар құрамы арасында өткен университетшілік және ведомствоаралық спартакиадалардың бірнеше дүркін қатысушысы мен жүлдегері.

Спорттық марапаттар: Университеттің спорттық өміріне белсенді араласқаны және дене шынықтыруды насихаттауға қосқан үлесі үшін ректордың алғыс хаттарымен, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шаралардың грамоталарымен марапатталған.

Ғылыми қызметі: Ғылыми және педагогикалық қызметпен қатар, спортты белсенді серік етеді. Университеттің қоғамдық және спорттық өміріне тұрақты түрде қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысады. Студенттер мен оқытушылар арасында өткізілетін спартакиадалардың белсенді қатысушысы. Командалық спорт түрлері (футбол, волейбол) мен спорттық бағдарлаудан тәжірибесі бар. Спорттық тәртіп пен төзімділікті кәсіби қызметтегі нәтижеліліктің маңызды факторы деп санайды. Жалпы жұмыс өтілі — 18 жыл.

Марапаттары:

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ректорының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Спорттық жетістіктер үшін: Университетшілік және қалалық деңгейдегі спартакиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері (атап айтқанда, футбол және волейбол), сондай-ақ бұқаралық спортты насихаттауға қосқан үлесі үшін тиісті дәрежедегі дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталған.

Білімі

2004–2008 жж.: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Мұнай газ және энергетика факультеті, Энергетика бакалавриат.

2011–2013 жж.: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Дене шынықтыру мен спорт бакалавриат.

2013-2015 жж: Тараз инновациялық университеті, Педагогика және психология магистр.

Текст

А.Б.Махамбетова, А.Х. Умаров, Е.Т.Сапар, Р.К.Керимбаева, Ә.Д. Нөгербек Білім беру үрдісінде оқушыларды психологиялық қолдау. ҚазҰПУ-нің Хабаршы-Вестник, «Психология», №4(85) 2025
https://bulletin-psychology.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/2287/1149

Төлегенұлы Н., Киясова Б.А., Умаров А.Х. Стандарттар негізін де орта білім беру жүйесіндегі инновациялық басқару тәжірибесі..

Төлегенұлы Н., Киясова Б.А., Умаров А.Х. Стандарттар негізін де орта білім беру… — Яндекс: нашёлся 1 млн результатов

Текст