Дене шынықтыру мен спорт теориясы

Джылысбаев Дастан Болатұлы

аға оқытушы, Жүзуден Спорт шеберіне үміткер. Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері. Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша педагогика ғылымының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

    

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Кәсіби өмірбаяны

«Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы.

2007 жылы Түймекент орта мектебіне жартылай жүктемемен жаттықтырушы болып жұмысқа орналастым.

2010 -2013 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы «Мәдениет және өнер» колледжіне дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс атқардым.

2014 жылдан кәзіргі уақытқа дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасында 10 жылдан астам жұмыс атқарып келемін. Лауазымым аға оқытушы.

Жұмыс барысында келесі марапаттарға ие болды. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» медалімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы марапатталған.

Дулати университетінің ректорының алғыс хаттармен марапатталған.

ІІ Түркі Универсиадасы – грек-рим күресінен І орын, 2023 ж. (өкіл)

ХІІ Универсиада – жүзуден 3 І орын және 1 ІІІ орын, Ақтау қаласы, 2023 ж. (жаттықтырушы)

Студенттік спорт лигасы – жүзуден 5 І орын және 1 ІІІ орын, Астана қаласы, 2024 ж. (жаттықтырушы)

Студенттік спорт лигасы «Оңтүстік дивизионы» – баскетболдан І орын, (жаттықтырушы)

ІІІ Түркі Универсиадасы – дзюдодан І орын, 2025 ж. (өкіл)

Тараз қаласының қызметкерлері арасындағы «Еңбек жолы» атты спартакиадасында жүзуден І орынға ие болды.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі - 19 жыл. ЖОО еңбек өтілі -11 жыл.

Білімі

2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. 2005-2010 жж. Мамандығы: «Дене шынықтыру және спорт»

Қазақтың спорт және туризм академиясы 2012-2014 жж. Мамандығы: «Дене шынықтыру мен спорт» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магитрі 

Текст

Nogerbek A., Ziyaeva G., Jylysbayev D., Sikhimbayeva S., Childibayev Dzh. Methods of forming the creative thinking and learning technology competencies of future biology teachers. Cypriot Journal of Educational Sciences Volume 17, Issue 7, (2022) S.2349-2360. https://doi.org/10.18844/cjes.v17i7.7689

Текст