Арнайы және әлеуметтік педагогика

Архабаева Ботакөз Даулетовна

Аға оқытушы

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы

2008-2013 жылдары №7,8 арнайы балабақшаларда логопед қызметін атқарды.

Ғылыми-педагогикалық қызметті 2013 ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Арнайы педагогика» кафедрасының оқытушысынан бастап, қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Кафедрада Білім беру бағдарламасын дайындайды.  Даярлайтын білім беру бағдарламаларының жоспарларына сәйкес оқу-жұмыс бағдарламаларын құрастырып лекция, практикалық сабақтар жүргізеді. Тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, жауапты жұмыстарды атқарады, үздіксіз кәсіби шыңдалу жолдарынан өтуде. Кафедра өткізілетін республикалық семинар, конференцияларға белсене ат салысады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды, қоғамдық іс-шараларға (соның ішінде спорттық спартакиадаға) белсене қатысады.

Жалпы педагогикалық тәжірибесі 18 жыл, ғылыми педагогикалық өтілі 13 жыл.

 

Білімі

2004-2008 жж Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Дефектология» мамандығы

 2010-2013 жж. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті - жоғары мектеп педагогикасы мамандығы бойынша білім алған. 

«Инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс.

Халықаралық және Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларға қатысып, жарық көрген 25 ден асқан мақалалар мен біліктілікті арттыру бойынша (72-80 сағаттық) 40 тан аса сертификаттар тізімі бар