«Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы - 2018» атағының иегері. «Үздік табыстары үшін» Дулати төсбелгісімен» марапатталдым. Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындары арасында өткізілген «ЖОО үздік мультимедиалық өнім» байқауында «Үздік ашық сабақ» номинациясын жеңіп алдым. «Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы», «Аmanat » партиясы Жамбыл облысты филиалының «Құрмет Грамотасы» марапаталдым. Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Тараз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталдым. «Психология» мамандығы, «Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша халықаралық және республикалық семинарларға қатысамын, осы деректі көптеген грамоталар мен сертификаттар растайды.
Сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткіземін. Аулан түрлі инновациялық технологияларды, оқыту ойындарды, психологиялық тренингтерді қолданамын.
Әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында үлкен тәжірибе бар.
Жыл сайын ЖОО ПОҚ Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін "Инклюзивті білім беру негіздері" арнайы курсын әзірлеу жобасы аясында "Инклюзивті білім беру технологиясы", "Жаһандық құзыреттілікті", «Білім беру жүйесіндегі практикалық психологияны ұйымдастыру», «Психосоматика және дене психотерапиясы: теория, тәжірибе», «Арнайы (түзету), интернат ұйымдарының педагогикалық-түзету жұмыстарының технологиясы» тақырыптарында курстар өткіземін. Инклюзивті білім беру бойынша семинар-тренингтерге ұдайы қатысып, біліктілігн жоғарылатып келемін.
Арел ұлттық университетінде (Стамбул, Түркия), Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде (Ресей) біліктілігін арттырдым.