Әлеуметтік психология

Үсенова Сандуғаш Мейрамбекқызы

аға оқытушы, психология ғылымдарының магистрі, «Үздік оқытушы»

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Әлеуметтік психология кафедрасының аға оқытушысы, Әлеуметтік жұмыс басқармасының инклюзивті білім беру саласы бойынша бас маманы, психология магистрі.

176 ғылыми-әдістемелік еңбектердің, 3 монографияның, 8 оқу құралының авторы болып табылады, оның ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК базасындағы  журналдарында  5  мақаласы жарияланған.  20 авторлық куәлігім бар.

  1. Альмухамбетова Б.Ж., Тоқсанбаева Н.Қ., Қайратова І.Қ.

 ЖОО оқытушыларының ерекше білім беруді қажет ететін студенттерді оқытуға дайындығы. Әл-Фараби атында Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы.    Психология және социология сериясы. Алматы-2019.  №4 (71) 46-56 б.

https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v71.i4.05

  1. Тоқсaнбaeвa Н.Қ., Бaйбeковa М.М., Сaлимбaeвa Ш.О., Тyлeбaeвa Б.Т.

Оқyдaн тыс iс-әрeкeттeр aясындa рyхaни -aдaмгeршiлiк қaсиeттeрiн дaмытyғa пeдaгогикaлық қaрым-қaтынaстың әсері. Абай атындағы ҚазҰПУ. Хабаршы «Психология сериясы» Алматы-2020ж. №1(62).201-205 б.

http://sp.kaznpu.kz/docs/jurnal_file/file20201130125153.pdf

  1. Тоқcaнбaeва Н.Қ., Мырқасымова М.А., Сәлімбаева Ш.О.

Мектеп  оқушыларының  оқу  барысындағы

эмоциялық күйін тұрақтандыруда арт-терапияны пайдалану. Абай атындағы ҚазҰПУ. Хабаршы «Психология сериясы» Алматы-2022 ж. № 4(73), 81-85 б.

https://doi.org/10.51889/5843.2022.19.28.011

«Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы - 2018» атағының иегері. «Үздік табыстары үшін» Дулати төсбелгісімен» марапатталдым. Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындары арасында өткізілген «ЖОО үздік мультимедиалық өнім» байқауында «Үздік ашық сабақ» номинациясын жеңіп алдым. «Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы», «Аmanat » партиясы  Жамбыл облысты филиалының «Құрмет Грамотасы» марапаталдым. Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Тараз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталдым. «Психология» мамандығы, «Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша халықаралық және республикалық  семинарларға қатысамын, осы деректі  көптеген  грамоталар мен сертификаттар растайды. 

Сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткіземін. Аулан түрлі инновациялық технологияларды, оқыту ойындарды, психологиялық тренингтерді қолданамын.

Әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында үлкен тәжірибе бар.

Жыл сайын ЖОО ПОҚ Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін "Инклюзивті білім беру негіздері" арнайы курсын әзірлеу жобасы аясында "Инклюзивті білім беру технологиясы", "Жаһандық құзыреттілікті", «Білім беру жүйесіндегі практикалық психологияны ұйымдастыру», «Психосоматика және дене психотерапиясы: теория, тәжірибе»,  «Арнайы (түзету), интернат ұйымдарының педагогикалық-түзету жұмыстарының технологиясы»    тақырыптарында курстар өткіземін. Инклюзивті білім беру бойынша семинар-тренингтерге ұдайы қатысып, біліктілігн жоғарылатып келемін.

Арел ұлттық университетінде (Стамбул, Түркия), Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде (Ресей) біліктілігін арттырдым.