Факультет жаңалықтары (Педагогика)

25 қараша 2025ж.

Ташкенттегі академиялық ұтқырлық сапары М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор А. А. Сманова және аға оқытушы Н. А. Шынтаева 17–28 қараша 2025 жыл аралығында Ташкент қаласындағы Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс-сапарда.

- Халықаралық ынтымақтастық проректоры Раима Ширинова ханыммен кездесуде екі университет арасындағы әріптестікті дамыту бағыттары талқыланып, академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асыру, оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуын жүйелеу мәселелері көтерілді.

- «Ғылыми зерттеу негіздері» пәні бойынша магистранттарға оқу сабағы өткізіліп,
- ғылыми-зерттеу әдіснамасының теориялық негіздері,

- зерттеу үдерісінің кезеңдері,

- эмпирикалық деректерді жинау және талдау тәсілдері қарастырылды.

Магистранттардың зерттеу құзыреттілігін арттыруға бағытталған практикалық және талдамалық жұмыстар орындалды.

- Академиялық ұтқырлық – халықаралық білім кеңістігіне интеграцияланудың, ғылыми әлеуетті арттырудың және заманауи тәжірибелермен алмасудың маңызды құралы.
Алдағы уақытта бірлескен конференциялар, семинарлар мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

15 қазан 2025 ж.

2025 жылғы 15 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Салауатты сана мен мәдениет: ұлттық дәстүрлер мен психологияның өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпалы» тақырыбында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн және офлайн форматта өтті.

Конференция ұйымдастырушылары: М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасы. Конференция жұмысына Қазақстан және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Шетелдік қатысушылар қатарында Түркиядағы Гелишим университетінің PhD докторы Асил Шенгүн және Өзбекстан Республикасындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті филиалының ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD докторы Бақытжан Исмаилов болды. Іс-шара аясында Абайдың рухани мұрасы, ұлттық тәрбие, психология және салауатты сананы қалыптастыру мәселелеріне арналған ғылыми баяндамалар ұсынылды. Конференцияның салтанатты ашылуы барысында «Дулати жастары» студенттік театры Абайдың Қара сөздері негізінде сахналық қойылым ұсынып, шараның рухани мазмұнын арттырды.

Құттықтау сөзбен университеттің директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Бақтыбай Қасымбеков және ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз сөйлеп, Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін өзектілігін атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға белсенділігі мен ғылыми үлесі үшін Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

10 қазан 2025ж. 

«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының 4 курс студенті Кузьмина Виктория мен аға оқытушы Ж.С. Таджибаеваның жетекшілігімен «Сәндік-қолданбалы өнер» пәні аясында ерекше шеберлік сабағын өткізді.

- Сабақ барысында заманауи өнер бағыттарының бірі - флюид арт техникасы таныстырылып, студенттер өз қолымен ерекше туындылар жасады.

- Шараға ХТЧ-22-2, ХТЧ-22-3 топтарының студенттері және кафедраның қауымдастырылған профессоры м.а. Джаскиленова А.Е. қатысып, жаңа тәжірибе мен шабыт алды.

- Флюид арт - шығармашылықты еркін көрсетудің, түстер үйлесімін сезінудің ерекше әдісі. Бұл техника студенттерге бояумен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруге және өнерге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

- Шара студенттердің қиялын дамытып, эстетикалық талғамын арттырған әсерлі тәжірибе болды.

06.10.2025ж.

2025 жылғы 6 қазан күні «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен Сербия Республикасының Нови Сад университетінің ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы Vasic Bibigul студенттерге арналған дәріс-семинарлар циклын бастады. Аталмыш ғылыми іс-шаралар 2025 жылғы 6 қазаннан 1 қарашаға дейін өткізіліп, педагогикалық бағыттағы студенттер мен жас ғалымдарға арналған заманауи білім беру үрдістерін терең талқылауды көздейді. Алғашқы кездесуде профессор «Мектептегі білім берудің қазіргі заманғы модельдері» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді. Дәріс барысында Еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі, цифрлық педагогика, инклюзивті білім беру және оқыту сапасын арттырудың инновациялық тәсілдері кеңінен қарастырылды.  Студенттер мен оқытушылар профессордың терең теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытып, интерактивті сұхбат түрінде пікір алмасты.

12.09.2025ж. 

Халықаралық Еуразиялық жоба және «Қазақстандағы туризм жылы» аясында 7-12 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Мәдени орталығы мен Қазақ автономиялық округінің қолдауымен бірегей Халықаралық пленэр өтті.

- Пленэр соңында «Іледегі сұлулық және жарасымдылық» атты көрме ұйымдастырылып, Іле өңірінің ғажайып табиғатын бейнелеген туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында картиналарды сыйға тарту рәсімі және екі ел суретшілерінің басын қосқан дөңгелек үстел өтті. М.Х. Дулати университеті, «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі Көшкінбаева Н.Р., аға оқытушылар Таджибаева Ж.С. және Ахметов С.Т. Қазақстанның атынан шақырылып, елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға зор үлес қосты. - Қазақстандық суретшілер жүктелген міндетті абыроймен атқарып, халықаралық сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Бұл жоба – Қазақстан мен Қытай арасындағы шығармашылық көпірдің, мәдени достықтың айқын көрінісі.

Бүгін №2 арнаулы әлеуметтік қызметкер ұсыну орталығында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара мақсаты, ұлт қазынасы қарттарымызға қамқорлық танытып, көңіл-күй сыйлау.
Іс-шараға “Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті “Мәдениет және өнер кафедрасының студенттері, Дулати Жастар студенттікхалықтық театры бірлесе өнер көрсетті.

2 қыркүйек 2025ж.

Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде өткен кездесуде профессор-оқытушылар құрамы 1-курс студенттерімен жүздесті. Жаңа оқу жылына қадам басқан жас буынды факультет ұжымы құттықтап, білім жолында үлкен табыстар мен сәттілік тіледі!
Жиын барысында факультет деканы А.Тұрарова университетіміздің тарихы мен жетістіктері жайлы кеңінен әңгімелеп, білім ордасының рухани құндылықтарымен таныстырды. Бiлiм туралы 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ал факультет деканының орынбасары Е.Дүйсенбеков студенттерге кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері мен оқу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, әр мамандық бойынша топ кураторлары таныстырылып, студенттер университеттің оқу корпустары мен инфрақұрылымымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен белестердің бастауы! Барша 1-курс студенттерін тағы да құттықтай отырып, табысты, мазмұнды, қызықты студенттік өмір тілейміз!

6В01801 - Әлеуметтік педагогтерді даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Текеева Гулназ Ермаханқызы «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ҮЗДІК СТУДЕНТ» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.