Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Облыстық воркшоп-семинар: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ: ЖЕКЕ ШЕКАРАНЫ ТАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ»

11 ақпан 2026

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған семинар аясында тұлғалық даму мен тиімді тұлғааралық қарым-қатынасқа бағытталған психологиялық тренингтер өткізілді.

 Семинар барысында білімгерлерге «Қауіпсіз қарым-қатынас жағдайындағы жеке шекараны сақтау және жауапты мінез-құлықты бағалау» тақырыбында рефлексиялық психологиялық сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде студенттердің жеке шекара туралы түсінігі мен құқықтық сауаттылық деңгейінің артқаны байқалды. Іс-шараға қатысқан мемлекеттік және әлеуметтік мекемелер өкілдері семинардың мазмұндық сапасын, практикалық маңызын және жоғары ұйымдастыру деңгейін ерекше атап өтті. Қатысушылар мұндай форматтағы кездесулер жастар арасында құқықтық және психологиялық мәдениетті қалыптастыруда тиімді алаң екенін жеткізді. Жамбыл облысы полиция департаментінің өкілдері зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті екендерін білдірді. Осы орайда кафедра меңгерушісі, PhD Эльмира Айтенова мен аға оқытушы, психология магистрі Айбала Мамбетқызы облыстық деңгейдегі іс-шараларға арнайы шақырту алды. Семинар соңында спикерлерге Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.