"Педагогикалық психология" кафедрасының қауым.профессоры.
2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Психология» кафедрасының меңгерушісі, 2006 жылдан 2011 жылға дейін институттың ғалым-хатшысы, 2011 жылдан 2015 жылға дейін Педагогика факультетінің деканы, 2015-2016 жылдары «Психология» кафедрасының профессоры.
2017-2019 жылдары "Өрлеу" БАҰО – Жамбыл облысы бойынша педагог-кадрлардың біліктілігін арттыру институтында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, 2019-2021 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру» кабинетінің профессоры.
2012 жылы БҰҰ «Әлеуметтік даму» гранты аясында Израиль мемлекетінде «Ерекше дамуы бар балаларды қалыпты білім беру ортасына интеграциялау» бойынша және 2015 жылы Португалия мемлекетінің Порто жоғары техникалық университетінде «Жоғары білім беруді жаңғырту» тақырыбында тағылымдамадан өтті.
2018 және 2025 жылдары Белорусь мемлекетінде «Инклюзивті білім беру» бойынша біліктілігін арттырды.
2024 жылы «Инклюзивті білім берудің қазақстандық моделін» өндіріске ендіру үрдісіне қатысып, Астана және Түркістан қалаларында 1 ай көлемінде 200 педагогқа тренинг жүргізді.
2019 жылдан бастап, сертификатталған кәсіби коучинг (ICU), кәсіби ментор (Kazbrends), 2023 жылдан бері экспресс-психотерапевт (Genesis).
2013-2018 жылдары ҚР білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінде ұлттық сарапшы (IQAA), 2013-2024 жылдары ҚР БжҒМ «Оқулық» орталығында ғалым-сарапшы, 2024-2026 жылдары ҚР ҒжЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығында» (Болашақ) сарапшы, 2022-2024 жылдары «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ сарапшы.
2014 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері.
2025 жылы ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы – AP26104365 «Мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға ойын арқылы бейімдеудің әлеуметтік-педагогикалық шарттары» (2025-27).
«Күміс университеттер» жобасы – психикалық саулықты қамтамасыз етуді жүзеге асырумен айналысады: білім беру бағдарламаларын әзірлеп, біліктілікті арттыру курстарын жүргізеді.
Университеттің мерейтойлық медальдарымен, салалық ведомствалардың алғыс хаттары, грамоталарымен марапатталған.
Білімі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы, 1987-1991); мамандығы: Педагогика және психология оқытушысы (мектепке дейінгі).
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы, 1998-2002); мамандығы: психология ғылымдарының кандидаты (19.00.07-Педагогикалық психология).