Мәдениет және өнер

Сураншиева Рымкүл Қосшығұлқызы

аға оқытушы, педагогика магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Сураншиева Рымкүл Қосшығұлқызы — мәдени-тынығу қызметі саласының маманы, педагогика магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.

2003–2013 жылдары Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжінде аға оқытушы, сондай-ақ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2013 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде педагогикалық қызметін жалғастырып келеді.

Оқу үдерісінде бакалавриат білім алушыларына дәрістік және практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми-педагогикалық қызметі мәдени-тынығу жұмысы, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, көркемдік-педагогикалық технологиялар, мәдени сервис және әлеуметтену мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Педагогикалық қызмет жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Ленгер қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырушы-әдіскер ретінде бастады. 1992–2002 жылдары Мақтарал ауыл шаруашылық колледжінде оқытушы болып еңбек етті.

Білімі:

1984–1988 жж. — Әл-Фараби атындағы Мәдениет институты

2013–2015 жж. — «Педагогика» мамандығы бойынша магистратура,
Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті
(біліктілігі — педагогика магистрі)

Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін 2008 жылы Ректордың Алғыс хатымен, 2021 жылы «Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалімен (Куәлік № М-203) марапатталған.