Мәдениет және өнер

Ермуратова Алмагуль Тлепбайқызы

аға оқытушы, п.ғ.к

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

«Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.

Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында балалар музыкалық мектепте және музыкалық студияда мұғалім болып бастады.

Бастауыш комсомол ұйымының хатшысы ретінде қызметінде атқарды.

1980 жылы Жамбылмәдлени-ағарту училищесіне «Клубтану», «Музыка теориясы», «Сольфеджио» пәндерінің мұғалімі болып ауысты.

 1997 -1998 жылдары  Жамбыл университетінің тәрбие бөлімінде жұмыс істеді. 

 1998 жылдан бастап университет қайта құрылғаннан кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тәрбие бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды. 

2009-2011 жылдар аралығында әлеуметтік тәрбие бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2002-2008 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ көпсалалы колледжінде қосымша «Мәдениеттану» пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқарды. 

2008 жылдан бастап университетте «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының ашылуына байланысты осы мамандық студенттеріне «Музыка теориясының негіздері», «Сольфеджио», «Концерттік бағдарламаны ұйымдастыру», «Бұқаралық бос уақытты ұйымдастыру», «Музыкалық аспап», «Гармония және музыкалық шығармаларды талдау» пәндерінен дәріс беруде.

Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасында аға оқытушысы. 

Білім

1974 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Музыка және ән» мамандығына түсіп, 1978 жылы «Музыка және ән пәнінің мұғалімі»  біліктілігін алып шықты.

1989 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1993 жылы институттың «Мәдени-бұқаралық іс-шараларының әдіскері» біліктілігін алды.

1998-2002 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ 13.00.01 «Жалпы педагогика және білім тарихы» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтады.

2014 жылдың 24 қазанында Қырғыз республикасы, Бишкек қаласында И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде 13.00.01 «Жалпы педагогика және білім тарихы» мамандығы бойынша «педагогика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.

1.«Ғасырлар үндестігі- Көп тіл білу- заман талабы»Облыстық Тілдерді дамыту және басқару орталығымен бірге Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған ғылыми-шығармашылық  зерттеу жұмысы.

2.Шығармашылық-инновациялық процесс

Шығармашылық- инновациялық өрлеу

«М.Х.Дулати» спектакль авт:Б.Есеналиев

1.Шығармашылық оқыту мамандығында студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Қоршаған орта және жаратылыстану білімінің халықаралық журналы.

  1. VOL. 11, - 4660-4668. Scopus. 08.2016 г.
  2. “Inclusive Pedagogy: The Effectiveness of Art Therapy Sessions on the Cognitive, Emotional, and Behavioral Characteristics of Students” (ID 253785861)

«Pedagogies» журналына жариялауға қабылданғаны жайлы анықтама. 

1. Студенттердің фрустрация жағдайындағы қарым-қатынасын зерттеу

Том 81 № 4 (2024): Вестник КазНУ. Серия "Педагогические науки"

Бет 39-52

https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz/index.php/1-ped/issue/view/53

04 February 2026

1 монографияның, 2 оқу құралының, 60-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.