Мәдениет және өнер

Ахметшина Зульфия Риуаевна

аға оқытушы, педагогика магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Ахметшина З.Р. – Хореографиялық өнер саласының маманы, балет әртісі, балетмейстер, хореограф, педагогика ғылымдарының магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.

1985–1989 жж. – Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» ансамблінде балет әртісі.

1989–1994 жж. – Құрманғазы атындағы Балалар өнер мектебінде хореография пәнінің мұғалімі.

1994–1997 жж. – Орталық мәдениет және өнер колледжінде хореография және классикалық би пәндерінің оқытушысы.

1995–2013 жж. – Жамбыл облыстық орыс және қазақ драма театрларының балетмейстері (70-тен астам спектакльдер).

2003 ж. – «Құлыншақ пен Болтырік» спектаклі үшін I Республикалық театр фестивалінің Гран-при.

2013–2017 жж. – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде классикалық би және хореография пәндерінің оқытушысы.

2017 жылдан бастап – М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде аға оқытушы, бакалавриат студенттеріне дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді.

Білімі:
1977–1985 жж. – А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі.

1990–1995 жж. – Жамбыл педагогикалық институты.

2017–2020 жж. – «Өнер бакалавры», 5В040900 «Хореография», М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

2020–2023 жж. – Магистратура, «Педагогика», Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті (педагогика ғылымдарының магистрі).

Шығармашылық және педагогикалық жетістіктері:

Хореографиялық фестивальдер мен конкурстардың тұрақты қатысушысы (қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық).

Студенттерді пәндік олимпиадаларға дайындау: 2022 ж. – республикалық пәндік олимпиадада III орын.

Шеберлік сабақтар мен семинарлар: «Sissonne fermée в сторону», «Өнер синтезі», «Классикалық бидегі инновациялар».

Марапаттары:

Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасы», «Жылдың үздік балетмейстері».

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Алғыс хат».

«Үздік бейнедәріс», «Үздік мультимедиялық өнім», «Алғыс хаттар» және басқа да дипломдар