Мәдениет және өнер

Оразбекова Дидар Оразалиқызы

аға оқытушы, педагогика магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Оразбекова Дидар Оразалиевна – М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.

2002 жылы Жамбыл облысы мәдениет басқармасына қарасты Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығында әдіскер қызметін атқарды.

2005–2008 жылдары Жамбыл облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы лауазымында еңбек етуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының мүшесі.

Университетте «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істейді, оқу процесін ұйымдастыруға (оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары) жауапты.

2021–2022 оқу жылында университеттің үздік оқытушысы ретінде танылып, Құрмет тақтасына ілінді.

Қазіргі таңда М. Дулати атындағы Тараз университетінің Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі

1993–1997 жж. — Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы педагогикалық институт, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы: «Экономика және менеджмент / әлеуметтік орта мен салалар бойынша», біліктілігі: экономист-менеджер.

2000–2002 жж. — «Әулие Ата» университеті, мамандығы: «Тарих және география», біліктілігі: тарих және география мұғалімі.

2020–2022 жж. — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті М.Әуезов атындағы, 6В11120 «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша, бакалавр дәрежесі берілді.

2009–2012 жж. — Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, магистратура, мамандығы: Педагогика.

Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми басылымдарда және түрлі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда, импакт-фактор деректер базасында 2, ғылыми басылымдарда 30 -дан аса ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.