Мәдениет және өнер

Әлім Майра

аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Алим Майра  – Мәдениет және білім беру саласының тәжірибелі маманы, педагог.

1984–2007 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасында бас маман қызметін атқарып, мәдениет және өнер мекемелеріне әдістемелік-практикалық қолдау көрсетті.
2007–2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры қызметін атқарып, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және қайта жаңғырту жұмыстарын ұйымдастырды.
2009–2012 жылдары Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры болып, мәдениет және өнер ұйымдарының қызметін әдістемелік тұрғыда үйлестірді.

2012 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде аға оқытушы қызметін атқарып келеді.

Жалпы еңбек өтілі – 39 жылдан астам.

Білімі:

1980- 1984ж. Куйбышев Мемлекеттік мәдениет институты.

Мамандығы – «Мәдени-ағарту жұмысы»,

біліктілігі – жоғары дәрежелі мәдени-ағарту қызметкері, клуб жұмысының әдіскер –ұйымдастырушысы. Ресей.