«Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.
Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында балалар музыкалық мектепте және музыкалық студияда мұғалім болып бастады.
Бастауыш комсомол ұйымының хатшысы ретінде қызметінде атқарды.
1980 жылы Жамбылмәдлени-ағарту училищесіне «Клубтану», «Музыка теориясы», «Сольфеджио» пәндерінің мұғалімі болып ауысты.
1997 -1998 жылдары Жамбыл университетінің тәрбие бөлімінде жұмыс істеді.
1998 жылдан бастап университет қайта құрылғаннан кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тәрбие бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.
2009-2011 жылдар аралығында әлеуметтік тәрбие бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2002-2008 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ көпсалалы колледжінде қосымша «Мәдениеттану» пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқарды.
2008 жылдан бастап университетте «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының ашылуына байланысты осы мамандық студенттеріне «Музыка теориясының негіздері», «Сольфеджио», «Концерттік бағдарламаны ұйымдастыру», «Бұқаралық бос уақытты ұйымдастыру», «Музыкалық аспап», «Гармония және музыкалық шығармаларды талдау» пәндерінен дәріс беруде.
Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасында аға оқытушысы.
Білім
1974 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Музыка және ән» мамандығына түсіп, 1978 жылы «Музыка және ән пәнінің мұғалімі» біліктілігін алып шықты.
1989 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1993 жылы институттың «Мәдени-бұқаралық іс-шараларының әдіскері» біліктілігін алды.
1998-2002 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ 13.00.01 «Жалпы педагогика және білім тарихы» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтады.
2014 жылдың 24 қазанында Қырғыз республикасы, Бишкек қаласында И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде 13.00.01 «Жалпы педагогика және білім тарихы» мамандығы бойынша «педагогика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.