Мәдениет және өнер

Сейілхан Асқарбек Ақылшаұлы

доцент, профессор, ҚР еңбек сіңірген әртісі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Мәдениет және өнер саласының көрнекті өкілі, театр және телережиссура маманы, Профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның Құрметті журналисі.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының Профессоры.

1973–1995 жылдары Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театрында актер, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды. Театр сахнасында 100-ден астам спектакльде басты және негізгі рөлдерді сомдады. Көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.

1995–2010 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалында режиссер, редактор, комментатор-шолушы, директордың орынбасары – бас редактор қызметтерін атқарды. Аймақтық тележурналистика мен телережиссураның дамуына елеулі үлес қосты.

2010–2013 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры қызметін атқарды.

2006 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасында педагогикалық қызметпен айналысады (аға оқытушы, профессор). Оқу үдерісінде бакалавриат білім алушыларына арналған дәрістік және практикалық сабақтар жүргізеді, болашақ режиссерлер мен актерлерді кәсіби даярлауға үлес қосып келеді.

Шығармашылық және ғылыми-әдістемелік қызметі аясында театр режиссурасы, актерлік шеберлік, бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және тележурналистика мәселелерін зерттейді.

Авторлық және аудармашылық еңбектері бар:

Жазушы Несіпбек Дәутайұлының «Алтын балық» повесінің желісімен жазылған одноимёнді драманың, қырғыз драматургі Мар Байджиевтің «Адасқан адам» драмасы негізінде «Сүмелек» драмасын қазақ тіліне аударған.

«Қазақфильм» киностудиясы түсірген, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Құнанбай» көркем фильмінде Сарыбай би рөлін, «Сиырдың сергелдеңі» телефильмінде Шал бейнесін сомдады. Сондай-ақ «Тоғысқан тағдырлар», «Мәңгілікке қоштасу» телесериалдарында Биназар ақсақал образын көрерменге ұсынды.

Режиссерлік жұмыстары қатарында:
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында сахналанған С. Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» лирикалық драмасы;
Байзақ аудандық «Шахан» халық театрындағы Б. Әлімжановтың «Қаптан шыққан Қарақыз», «Байзақ батыр байрағым» тарихи драмалары;
Ш. Айтматовтың «Бетпе-бет», Д. Рамазанның «Керей–Жәнібек» тарихи драмасы және басқа да қойылымдар бар.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «М.Х. Дулати жастар театрының» бірқатар спектакльдерінің қоюшы-режиссері.

2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Жамбыл облыстық «Қазақстан–Тараз» телеарнасымен бірлесіп «Қалың елім, қазағым…» тележобасы аясында Абайдың 45 қара сөзіне негізделген бейнефильмдер циклін жүзеге асырды.

Білімі:

1968- 1973 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институты, мамандығы «Актер».

1.Шығармашылық-инновациялық процесс

Шығармашылық- инновациялық өрлеу

«М.Х.Дулати» спектакль авт:Б.Есеналиев

– 1985 ж. — «Шабыт» фестивалінің лауреаты;
– 1987 ж. — I Республикалық театр фестивалінің «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері;
– 1998 ж. — «Тағдыры алты алаштың шешілген сәт» телефильмі үшін ҚР Журналистер одағының арнайы сыйлығы;
– «Қордай ауданының Құрметті азаматы»;
– «Қазақстанның Құрметті журналисі»;
– «М.Х. Дулати атындағы университеттің Құрметті профессоры».

Қазақстан Республикасы Журналистер одағы мен Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
Педагогикалық, шығармашылық және ұйымдастырушылық қызметте мол тәжірибеге ие.

- М.Х. Дулати атындағы университеттің Құрметті профессоры-«Толғауы тоқсан Тоқспанов театры» 2025ж Театрдың 90 жылдығына Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына кітап жазды.

ISBN 978-601-7907-90-7

-«Шер-ағаның шекпенінен шықпасам да..»

2025ж.

ISBN 978-601-7097-36-3

Кітап.