Мәдениет және өнер

Рустембеков Марат Кулесбекович

аға оқытушы, педагогика, психология магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

М.К. Рустембеков — Мәдени-тынығу жұмысы саласының маманы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.

2012 жылдың қыркүйегінен бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасына аға оқытушы болып қызмет атқарды.

 2022 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде аға оқытушы қызметін жалғастыруда.

Еңбек өтілімі 30 жыл.

Білімі:
1995 ж. — Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты, «Мәдени-ағарту жұмыстарының әдіскері» мамандығы (Диплом ЖБ-ІІ №0022173, 19 мамыр 1995 ж.).
2013 ж. — Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр дәрежесі.

1.Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасында (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) «Шамшырақ» командасы  диплом,сертификат.
2.«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша Шымкент қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында өткен ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі ІІІ дәрежелі диплом және Алғыс хатқа ие болды.

3.ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Жоғары кәсіптік білім саласындағы Үздік педагог» медалімен марапатталған.
Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес Марапат алқасының 2023 жылғы 4 мамырдағы №24 бұйрығына сәйкес «Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалі табысталды.

4.2023 жылы «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (Астана қ.) тарапынан «Мәдениет және өнер саласының үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының жылдың үздік маманы» төсбелгісімен марапатталды.

5.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» Жолдауын қоғамда кеңінен насихаттау аясында өткен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды (2024 ж.).

6.Мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлесі мен мінсіз кәсіби қызметі үшін «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Қазақстан Республикасының жылдың үздік маманы» төсбелгісімен қайта марапатталды.

7.2024 жылы Астана қаласында өткен «Түркі халықтарының бірлігі» халықаралық форумына қатысып, І дәрежелі диплом иегері атанды және «Қазақстан Республикасының Алтын жұлдызы» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды.

8. 2019 жылы Түркияның Bandırma Onyedi Eylül университетінде 4–6 қазан аралығында өткен Адам және әлеуметтік ғылымдар зерттеулері халықаралық конгресіне (International Congress of Human and Social Sciences Researches) қатысты.