Мәдениет және өнер

Саулебаева Әсел Әділқызы

аға оқытушы, педагогика магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Саулебаева А.А. – мәдени-тынығу қызметі және музыкалық білім беру саласының маманы, педагогика магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.

2004–2006 жылдары Тараз қаласындағы М. Горький атындағы №13 орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2007–2010 жылдары Сұлутөр ауылдық округіндегі А. Айтиев атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

2010 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде педагогикалық қызметін бастады. Оқу үдерісінде бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға дәрістік және практикалық сабақтар жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу қызметі аясында мәдени-тынығу жұмысының мәселелерін, музыканың тынығу саласындағы функцияларын, әлеуметтік әсерін, аудиторияны тарту формаларын, мәдени-тынығу қызметіндегі музыкалық-педагогикалық технологияларды зерттеумен айналысады.

Білімі

2000–2004 жж. — «Музыка және ән айту» мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, біліктілігі – музыка пәнінің мұғалімі.

2012–2016 жж. — «Педагогика» мамандығы бойынша магистратура (дәрежесі – педагогика магистрі), Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті.

Университетаралық мультимедиялық конкурс аясында өткізілген университеттік байқаудың екі мәрте жеңімпазы («Үздік флипчарт» номинациясы).