Утепова А. Қ. – Мәдени-тынығу қызметі және режиссура саласының маманы, педагогика магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы.
2006–2007 жылдары Алматы қаласында «31 канал» телерадио кешенінің ақпараттық бюросында репортёр ретінде кәсіби тағылымдамадан өтті.
2010-2012жж. Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Мәдениет үйінде Әдіскер қызметін атқарған.
2012 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде педагогикалық қызметін бастады.
Оқу үдерісінде бакалавриат білім алушыларына арналған дәрістік және практикалық сабақтар жүргізеді.
Ғылыми-зерттеу қызметі аясында мәдени-тынығу жұмысы, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени сервис және әлеуметтену үдерістерін зерттейді.
2024 жылы Түркия Республикасының Стамбул қаласындағы Гелишим университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Шетелдік ғылыми кеңесші, PhD докторы Камиль Каиамен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Мәдени-тынығу қызметі, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени сервис және әлеуметтену салаларында ғылыми зерттеулермен айналысады. Бакалавриат білім алушыларына арналған оқу-әдістемелік материалдар мен практикалық курстарды әзірлеп, оқу үдерісіне енгізеді. Педагогикалық және ғылыми қызметте мол тәжірибеге ие.
Еңбек өтілі: 14 жылдан астам.
2025 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің докторантурасын сәтті аяқтады.
Білімі
2002–2007 жылдар — «Режиссура» мамандығы бойынша бакалавриат,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
2012–2016 жылдар — «Педагогика» мамандығы бойынша магистратура
(біліктілігі: педагогика магистрі),
Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті.
2022–2025 жылдар — «Мәдени-тынығу қызметі» мамандығы бойынша докторантура,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті