1988-1989 жж. аралығында Жамбыл қаласындағы «Горпромкомбинат» мекемесінің №1 тігін цехында тігінші болып жұмыс істеп, 2-дәрежелі тігінші біліктілігін иеленді;
1989-1994 жж. аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Тігін бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы» мамандығы бойынша білім алып, «Инженер-технолог» біліктілігіне ие болды;
1994-1994 жж. аралығында Жамбыл қаласындағы №5 кәсіптік-техникалық училищеде (СПТУ-5) өндірістік оқыту шебері болып қызмет атқарды;
1994-1995 жж. аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Тігін бұйымдарының технологиясы» кафедрасында оқу шебері лауазымында жұмыс істеді;
1995 ж. аталған институттың «Тігін бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау» кафедрасына инженер қызметіне ауыстырылды;
1996 ж. осы кафедраның оқу шебері лауазымына тағайындалды;
1998 ж. «Дизайн және тігін бұйымдарының технологиясы» кафедрасында оқу шебері қызметін жалғастырды;
2005-2007 жж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдап, «Кең тұтынылатын бұйымдар мен тауарлардың технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алды;
2012 ж. жарияланған конкурс негізінде «Дизайн және тігін бұйымдарының технологиясы» кафедрасының оқытушысы лауазымына 3 жыл мерзімге тағайындалды;
2014 ж. аталған кафедраның аға оқытушысы лауазымына бекітілді;
2015 ж. «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы, конструкциялануы және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы қызметіне тағайындалды;
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді.