Дизайн және сән индустриясы

Мукаева Айша Мажидовна

аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

1993 ж. «Тігін бұйымдарының технологиясы және дизайн» кафедрасының шебер  лауазымына қабылданды;

1993 ж. «Тігін бұйымдарының технологиясы және дизайн» кафедрасының ассистент  лауазымына ауыстырылды;

1998 ж. жасалған келісім-шарт негізінде «Тігін бұйымдарының технологиясы және дизайн» кафедрасының ассистенті лауазымына тағайындалды;

2001 ж. бастап «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының аға оқытушысы

Білімі:

1987-1992 жж. - «Тігін бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы бойынша Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты;

2007-2009 жж. – магистратура 6N0726- «Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауарлары мен бұйымдарының технологиясы» мамандығы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;

2020-2022 жж. – магистратура 7М02170- Дизайн білім беру бағдарламасы бойынша М. Әуезов Оңтүстік Қазақстан университеті.



2022–2025 жылдары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда ұсынылған ғылыми жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы, соның ішінде:

«Тауартану, биотехнология және былғары мен тері өңдеуді автоматтандыру» халықаралық студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының материалдары (Шығыс Сібір мемлекеттік технология және басқару университеті, 2022);

XXIII Ұлттық ғылыми студенттер конференциясы «Студенттер және ғылым: болашаққа көзқарас» (MOK, KAZGASA, 2023);

«Қазіргі әлемдегі ғылым және білім: XXI ғасырдың сын-қатерлері» және «Жаһандық ғылым және инновация 2022: Орталық Азия» халықаралық конференциялары;

«Dulatyi University Bulletin» журналында жарияланымдар (2024);

2024–2025 жылдары сәулет, дизайн, әлеуметтік-мәдени іс-шаралар, иллюстрация және визуалдық коммуникация мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар.

Зерттеудің негізгі бағыттары: корпоративтік сәйкестікті дамыту, басылымдарға арналған визуалдық және графикалық шешімдер, дизайн тұжырымдамалары, түс пен дизайнның брендті қабылдауға және өнімге эмоционалдық тартылуға әсері, көркем шығарманы визуалдық түсіндіру құралы ретінде иллюстрация.

 


2021 ж. – Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі;

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін  - Медаль;

«Nur Otan» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлес және областың қоғамдық –саяси өміріне белсене қатысқан үшін Құрмет грамотасы;

Бірлестік түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің ғылыми және оқу орындары» арасында «IV халықаралық кітап басылымы», «Үздік студент» жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін Алғыс хат;

«Бабалар Мұрасы» ІІ Халықаралық студенттер арасындағы сән-фестиваль байқауына белсенді қатысып,өнерлі жастардың дамуына үлес қосқаны үшін  Диплом;

«Бабалар Мұрасы-2022» атты ІІІ-ші Халықаралық студенттер арасындағы сән-фестиваль байқауына белсенді қатысып,өнерлі жастардың дамуына үлес қосқаны үшін Алғыс хат;

«Шексіз шабыт:ұлттық және заманауи стиль үйлесімі» атты байқауына белсенді қатысып,өнерлі жастардың дамуына үлес қосқаны үшін  Алғыс Хат;

«Пропилеи искусства» 7-ші ашық халықаралық көрме-конкурсының қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындауды ұйымдастырғаны үшін Алғыс хат;

«Шабыт әлемі» Халықаралық конкурсында 1 орын Дипломы, БашМУ;

ҚР ЖОО студенттері арасында базалық жоғары оқу орындарында өткен ХV Республикалық пәндік Олимпиадасында өнерлі жастардың дамуына үлес қосып, ат салысқаны үшін Алғыс хат;

2022 жылы қол жеткізілген қызметтің жоғары көрсеткіштері нәтижесі бойынша «ҚР ғылыми қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі күніне орай «2021-2022 оқу жылындағы ғылыми қызмет рейтінгі» номинациясымен марапатталды Алғыс хат.

«Панжема (Открытие)-2023» байқауына қатысуға студенттерді дайындауда құзыреттілікке негізделген көзқарас пен жоғары кәсіби деңгей үшін Алғыс;

 

 «Инклюзивті білім беру жағдайындағы замануи технологиялар» тақырыбында 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ, 2023ж.

«Риан» ЖШС- де 72 сағат көлемінде өндірістен қол үзбей біліктілігін жоғарлату тағылымдама;

«Жобаларды басқару» тақырыбында 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ, 2024ж.

2024 ж. – Қазан мемлекеттік мәдениет институтында «Дизайнның түрлі салалары мен сән индустриясындағы көркемдік білім» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру, 72 сағат.