Дәрібаев Жанәлі Еркінбекұлы 1963 жылы 31 тамызда Кентау қаласында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы №6 қазақ орта мектебін алтын медальмен тәмамдап, Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін 1985 жылы түсті металдар металлургиясы мамандығы бойынша аяқтап, инженер-металлург біліктілігі берілген.
1998 жылы “Қиын тотықсызданатын селенат-иондардың қатты электродтардағы электрохимиялық қасиеттері” тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, химия ғылымдарының кандидаты.
Жалпы еңбек өтілі 45 жыл, педагогикалық еңбек өтілі 31 жыл.
1985-2005 жылдар аралығында Алматы ауыр машина жасау заводында болат құю цехында аға инженер-технолог, Кентау экскаватор заводы болат құю цехының аға шебері, Кентау қалалық атқару комитетінің аймақтық салааралық бірлестігінің ғылыми-зерттеу орталығында зерттеуші, Кентау қалалық “Қазақ тілі” қоғамының жауапты хатшысы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау орталығында оқу лабораториясының меңгерушісі, “Жалпы химия және химиялық экология” кафедрасының доценті, “Экология” ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы.
2005-2013 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Экология ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы, Экология факультетінің деканы, Біліктілік жетілдіру факультетінің деканы, Инженерлік-педагогикалық факультетінің деканы, Стратегиялық даму, рейтинг, комплаенс бақылау және сапа орталығының басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Стратегиялық даму басқармасының басшысы.
Ахмет Ясау университеті Кентау институтының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ХҚТУ Сенат, Ғылыми кеңес, Академиялық кеңестердің мүшесі, “Нұр Отан” Халықтық демократиялық партиясы Кентау қалалық филиалының Бюро мүшесі, Саяси кеңес мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, “Нұр Отан” партиясы Түркістан қалалық филиалы “Тұран” бастауыш ұйымының төрағасы қоғамдық қызметтерін атқарған.