Басшылық
КАБИЕВА АЙГУЛЬ КАБИҚЫЗЫ
Ардагерлер кеңесінің төрайымы, ҚР мәдениет қайраткері, профессор
ҚР мәдениет қайраткері, профессор
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Кәсіби өмірбаяны/Білім
Кабиева Айгүл Кабиқызы – режиссура саласының маманы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор.
1991 жылға дейін Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің режиссерлік бөлімінде ұстаздық қызмет атқарды.
1991 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Мәдениеттану» кафедрасына аға оқытушылық қызметке ауысып, қазіргі таңда өз қызметін М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде жалғастыруда.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының ашылуына үлес қосып, 2007 жылдан бері «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
1997 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары әрі жауапты хатшысы болып қызмет етеді. Сонымен қатар, Жамбыл облысының «Іскер әйелдер» қауымдастығының және облыстық «Аманат» партиясының қоғамдық «Мирас» тобының мүшесі.
2003 жылы «Дулати жастары» студенттік халық театрының негізін қалаған көркемдік жетекші ретінде белгілі.
Білімі:
1970 ж. – Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы, мамандығы: «Театр мамандарын даярлау».
Ғылыми жобалар
1.«Ғасырлар үндестігі- Көп тіл білу- заман талабы»Облыстық Тілдерді дамыту және басқару орталығымен бірге Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмысы.
2.Шығармашылық-инновациялық процесс
Шығармашылық- инновациялық өрлеу
«М.Х.Дулати» спектакль авт:Б.Есеналиев.
Жарияланымдар
Ғылыми жетістіктер
2007 жылы ҚР мәдениет қайраткері атағы,
2008 жылы ҚР білім беру ісінің құрметті
қызметкері төс белгісі,
2010 жылы «Өнертанушы» доцент
ғылыми атағы берілді. 2011 жылы Тараз Мемлекеттік университетінің профессоры дәрежесін алды.
2018 жылы «Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін». 27 қараша, №1296
Тәуелсіздіктің 20,25 жылдығына төс белгілерімен, 2015 ж. «Бірлік» алтын
медалі, 2016 ж. «Ерен еңбегі» үшін т.б. медальдармен марапатталған.
2020 жылы «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі,
2023 жылы Театр қайраткерлері қоғамының «Дара» төс белгісі
2024 жылы«Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Алғыс» медалі
2025 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған