Ғылыми-педагогикалық қызметті 2007ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Дефектология және психология» кафедрасының оқытушысынан бастап, қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Кафедра даярлайтын білім беру бағдарламаларының жоспарларына сәйкес оқу-жұмыс бағдарламаларын құрастыру, кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстарды, тәрбиелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру секілді жауапты жұмыстарды атқара жүріп, үздіксіз кәсіби шыңдалу жолдарынан өтуде.
Тәжірибелі маман ретінде ғылыми және әдістемелік деңгейде лекция, практикалық сабақтар жүргізеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Жалпы ылыми педагогикалық өтілі 18 жыл.
Ғылыми еңбектері отандық басылымдарда, халықаралық және республикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған. Кәсіби біліктілікті арттыру курстары бойынша «ҚР білім берудің 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру: Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы», «ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары», «Педагогтың инклюзивті компотентілігі: қалыптастыру әдісі», «Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы» және т.б. тақырыптарындағы семинар бағдарламалары бойынша сертификаттарды
Білімі
2001-2005 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты-, «Педагогика және психология» мамандығы
2005-2007 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 6N0503-« Психология» мамандығы бойынша психология магистрі.