1994-1995 жыл аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы аудандық балабақшасының логопед-мұғалімі, 1995-1999 жылдары Жамбыл облысы, «Ұлан» балалар үйі логопед-мұғалімі, 1999-2002 жылдары Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы орта мектебінің «Валеология» пәні мұғалімі, 2002-2007 жылдары аралығында Жамбыл облысы, «Ұлан» балалар үйі логопед-мұғалімі қызметін атқарды.
Ғылыми-педагогикалық қызметті 2007 ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Дефектология және психология» кафедрасының оқытушысынан бастап, қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Кафедра даярлайтын білім беру бағдарламаларының жоспарларына сәйкес оқу-жұмыс бағдарламаларын құрастыру, студенттерді пәндік олимпиадаға дайындау, тәрбиелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру секілді жауапты жұмыстарды атқара жүріп, үздіксіз кәсіби шыңдалу жолдарынан өтуде.
Тәжірибелі маман ретінде ғылыми және әдістемелік деңгейде лекция, практикалық сабақтар жүргізеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Университеттегі қызмет өтілі 18 жыл.
Ғылыми еңбектері шет ел және отандық басылымдарда, халықаралық және республикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған. Кәсіби біліктілікті арттыру курстары бойынша «Интерактивті тақта - жаңа типті оқыту ортасын жасау мүмкіндігі», «ҚР білім берудің 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру: Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы», «ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары», «Педагогтың инклюзивті компотентілігі: қалыптастыру әдісі», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің негіздері», «Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы» және т.б. тақырыптарындағы семинар бағдарламалары бойынша сертификаттар мен «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ марапатын және облыстық, калалық, кәсіподақтық, университет іс-шараларына белсене қатысып мақтау қағаздары мен алғыс хат иеленген.
Білімі
1986-1989 жж. Жамбыл медициналық училищесі - медбике ісі мамандығы
1990-1996 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті – олигофренопедагог, арнайы мектеп мұғалімі, қосымша логопед мамандығы
2010-2013 жж. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті - жоғары мектеп педагогикасы мамандығы бойынша білім алған.