Кәдірбай Әсел Бейбітқызы
аға оқытушы
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Кәсіби өмірбаяны/Білім
2010 - 2014 ж аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Дефектология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2014 – 2016 ж аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Дефектология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
2015-2016 ж. оқу жылын Алматы қаласы білім басқармасының «№6 мектеп-интернаты» педагог-логопед қызметін атқарған.
2016 – 2017 оқу жылынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Арнайы педагогика» кафедрасына педагог асистент ретінде қабылданып, бүгінгі күнге дейін «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына, студенттік ғылыми үйірмеге және білім беру бағдарламаларына жауапты.
Жалпы жұмыс тәжірибесі 12 жыл, ғылыми педагогикалық 10 жыл.
Ғылыми жобалар
«Инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысы.
«Мектеп жасына дейінгі балалармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беру әдістемесі»
«Нұр бала» мүгедектердің жастар қоғамындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті оқыту әдістемесі»
Ғылыми жетістіктер
Халықаралық және республикалық конфренцияларда жарық көрген 15 аса ғылыми мақаласы бар