Арнайы және әлеуметтік педагогика

Жумагулова Аида Танирбергеновна

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

2009-2012 жыл аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы №54 орта мектебінің педагог психолог қызметінде, 2012-2014 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университет, «Педагогика және психология» кафедрасында оқытушы 2014-2017 жылдары Тараз инновациялық техникалық университеті, «Педагогика және психология» кафедрасында аға оқытушы, 2017-2019 Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, «Арнайы педагогика» кафедрасында аға оқытушы,  2020 жылдарынан бері М.Х.Дулати атындағы университеттің «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарамын.

Ғылыми-педагогикалық қызметті 2012 ж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысынан бастап, қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Кафедра даярлайтын білім беру бағдарламаларының жоспарларына сәйкес оқу-жұмыс бағдарламаларын құрастыру, студенттерді пәндік олимпиадаға дайындау, тәрбиелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру секілді жауапты жұмыстарды атқара жүріп, үздіксіз кәсіби шыңдалу жолдарынан өтуде.

Тәжірибелі маман ретінде ғылыми және әдістемелік деңгейде лекция, практикалық сабақтар жүргізеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Университеттегі қызмет өтілі 14  жыл.

Ғылыми еңбектері шет ел және отандық басылымдарда, халықаралық және республикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған. Кәсіби біліктілікті арттыру курстары бойынша:  «Развитие талантов и лидерства», «система обеспечения качества образования», «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи технологиялары», «Ерекше білім берілуіне  қажеттілігі бар оқушыларды оқыту және психологиялық-педагогикалық қолдау»,  «Әлеуметтік педагогикалық диагностика», «Қазіргі кездегі білім берудегі заманауи трендтер мен тенденциялар», «Педагогтың инклюзивті компотентілігі: қалыптастыру әдісі» және т.б. тақырыптарындағы семинар  бағдарламалары бойынша сертификаттар мен және республикалық, облыстық кәсіподақтық, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиялының Құрмет грамоталарымен, университет іс-шараларына белсене қатысып мақтау қағаздары мен алғыс хат иеленген. 

Білімі

2006-2010 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институт. (Педагог және психолог) бакалавр.

2024-2025 жж. М.Х.Дулати атындағы университет. (Логопедия) бакалавр.

2012-2014 жж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университет. (Педагог және психолог) магистратура.

  1. «Инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысы.
  2. «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы мен «МЕДИНАИ» ЖШС үшін «Методы инклюзивного образования детей с особыми образовательными потребностями с детьми дошкольного образования»
  3.  «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының «Нұр Бала» ЖШС үшін «Методы инклюзивного образования детей с особыми образовательными потребностями в молодежном обществе инвалидов «Нұр Бала

Оқу- әдістемелік құрал -1;

Халықаралық конференциялардың жинақтарында жарияланған мақалалар -3;

Республикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған мақалалар -25.