Объявления

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ

    бос лауазымдық орындарға  конкурс жариялайды:

-   

«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің деканы – – 1 бірлік;

-   

«Физика және информатика» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі  – 1 бірлік;

-   

«Спортық пәндердің әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының меңгерушісі –       1 бірлік;

-   

«Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

-   

«Тарих» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының у.м.а. атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- еңбек қызметін растайтын құжат ;

- алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама;

- конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

- конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

 

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- зейнет жасында болмауы;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

 

Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: 

Негізгі талаптар

- Кафедраның Білім бағдарламаларына сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- Ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;

- Мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесі;

- Шығармашылық сипаттағы  Білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «Еңбек сіңірген», «Құрметті» және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. Қазақстан Республикасы ресми танылған атақтары бар маман басқара алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;

- Университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы. 

Қосымша талаптар

- Соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 7,0-ден астам болуы;

- Оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.   

 

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс, 2025 жылғы 15 желтоқсан мен 24 желтоқсан аралығында.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 13,  101, 103 бөлмелер (1.1 корпус)  (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-27-77, e.mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

 

Құрметті журнал баспагерлері мен редакторлары!
Ғылыми еңбектердің қамтылуы мен ықпалын кеңейтуді мақсат ететін журнал баспагерлері мен редакторларына арналған онлайн іс-шараға Сіздерді шақырамыз!

Wiley Online Library 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де редакторларға арналған маңызды вебинарға шақырады:
«Журнал баспагерлері мен редакторлары зерттеулердің ықпалы мен көрінуін қалай арттыра алады»

Тіркеу сілтемесі:  https://register.gotowebinar.com/register/4723739899338665307

 

Springer Nature редакторларынан вебинарларсериясы жалғасуда:

- 2025 жылғы 10 желтоқсан, 10:00

 Тақырыбы: "How to publish in a book as a part of the 'Meet the Editor' series" (ағылшын тілінде).  

 Бұл семинарда Springer Nature редакторы монографияны идеядан бастап жариялауға дейінгі бүкіл процесті кезең-кезеңімен түсіндіреді. Сонымен қатар пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді.  

 Тіркелуді алдын ала төмендегі сілтемеарқылы жүзеге асырыңыз!!!

https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_tTO1jBuGR0Wx2uZSDrfiIw#/registration    

Кітапханалық-ақпараттық орталық заманауи кітапханаларға арналған RFID технологияларының жүйесін орнатып,  кітапхана қорындағы кітаптарға RFID - белгі қоюды бастады.

Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп, қайта тіркеуден өткізулеріңізді сұранамыз.    

Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен, 2 - қабат),  байланыс тел: 45-74-33

«М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ қызметкерлеріне арналған қызметтік тұрғын үйді беру бойынша өтініштер қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Қызметтік тұрғын үйлер «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ жанынан құрылған Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы органТұрғын үй комиссияның шешіміне және университеттің ішкі қағидаларынасәйкес беріледі.

Өтініш беру үшін талап етілетін құжаттар:

  • - «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректордың атына жазылған өтініш;
  • - жеке куәлік көшірмесі;
  • - ҚР аумағында өздерінің атына тіркелген жеке тұрғын үй, пәтер, тұрғын үй-жай немесе үлестік меншік құқығындағы тұрғын үйге ие еместігі жөніндегі қызметкердің және оның жұбайының атында тұрғын үйдің жоқтығы туралы анықтама.
  • - соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • - сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • - әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама;
  • - конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  • - конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

Қызметтік тұрғын үйді бөлу кезінде мынадай санаттарға басымдық беріледі:

  • - жас ғалымдар (40 жасқа дейінгі);
  • - сырттан шақырылған мамандар мен ПОҚ;
  • - ғылыми дәрежесі бар (PhD, докторант) штаттық ПОҚ;
  • - ғылыми жобаларға тартылғанштаттық ПОҚ;
  • - соңғы бес жылда ҚР аумағында өздерінің атына тіркелген жеке тұрғын үй, пәтер, тұрғын үй-жай немесе үлестік меншік құқығындағы тұрғын үйге ие еместігі және қызметкердің және оның жұбайының атында тұрғын үйдің болмауы.
  • - көпбалалы отбасылар;
  • - жалғызбасты ата-аналар;
  • - денсаулығына байланысты әлеуметтік осал топтағы қызметкерлер.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz.сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс, 2025 жылғы 04желтоқсан мен18 желтоқсан аралығында.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 13, (1.1 корпус) (Заң қызметі, Персоналды басқару қызметі), тел. 8(702)9177733, 8(747)8106168.