Объявления

Іріктеуге жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бітіруші курс студенттері қатыса алады.

Мемлекеттік қызметшілер мектебін аяқтаған білімгер Жамбыл облысының ТАЛАНТТАР ПУЛЫНА енгізіледі.

Өтінім қабылдау: 1-31 қазан аралығы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасы аясында 10–20 қазан аралығында республикалық қаржылық қауіпсіздік диктанты өтетінін жариялайды.

Мақсаты: Азаматтарды қаржылық қауіпсіздікке үйрету, алаяқтықтан сақтандыру және цифрлық сауаттылықты арттыру.

Кімдер қатыса алады?

• Оқушылар (7–11 сынып)

• Студенттер (колледждер мен ЖОО)

• Жұмыс істейтін азаматтар

• Зейнеткерлер

• Мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері

• Қаржылық мониторинг субъектілері

Формат: Онлайн  https://amlacademy.kz/finiq

Сұрақтар 3 деңгей бойынша дайындалған: оқушыларға, ересектерге және қаржылық сектор қызметкерлеріне.

Жүлделер: Әр өңір бойынша алғашқы 10 жеңімпаз (90+ балл жинағандар) сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және «Қазақстан халық банкі» АҚ. Қаржылық сауаттылықты бірге арттырайық! Диктантқа қатысып, бағыңды сына!

2025-2026 оқу жылында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері, магистранттары және докторанттарына оқу ақысына жеңілдік алу мүмкіндігі қарастырылған. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 қазан – 13 қазан Әлеуметтік санатқа сәйкес келетін студенттер құжаттарын толық жинақтап, факультет деканатына тапсыруы қажет.

Назар аударыңыз

: • Құжаттар ереже талаптарына толық сәйкес болуы керек;

• Уақытылы тапсырылмаған немесе толық емес құжаттар қабылданбайды!

Қажетті құжаттар тізімін факультет деканатынан алуға болады.

«Спорттық бағдарламалау Федерациясы» Сіздерді студенттер арасында өтетін ICPC 2025 халықаралық командалық бағдарламалау чемпионатына қатысуға шақырады.

Кесте:

• 1/8 ICPC (біліктілік кезеңі): 26 қазан 2025, ЖОО базасында;

• Ширек финал: 15 қараша 2025, аймақтық ЖОО-ларда;

• Жартылай финал: 15-17 желтоқсан 2025, Алматы қ.

Командалар математика, информатика және бағдарламалау мамандықтары бойынша студенттерден құралады.

Тіркелу сілтемесі: https://icpc.global/private/teamRegistration/site/38055

Сұрақтар бойынша: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.,  +7 701 966 2023

Құрметті профессорлық-оқытушылар  құрамы және 1 курс студенттері!

Сіздерді және 1 курс студенттерін   25 қыркүйек күні 2025 ж., 15:00-де өтетін IPR SMART платформасымен жұмыс істеуге арналған "Цифрлық сабаққа" шақырамыз (https://www.iprbookshop.ru/)!
Вебинар спикері - EDP HUB компаниясының даму жөніндегі директоры Вита Кутуева, платформада қалай жұмыс істеу керектігін нақты көрсетіп, оқытушылар мен студенттердің жұмысын жеңілдететін мүмкіндіктермен бөліседі!

Оқытушыларүшін:

  • Силлабусты жедел жаңарту-өзекті басылымдар мен ресурстарды тауып, оларды силлабус пен әдістемелік материалдарға біріктіру.
  • Жаңа пәндерді сапалы әдебиетпен қамтамасыз ету- білім беру бағдарламаларын заманауи басылымдармен толықтыру үшін ЭБС ресурстарын пайдалану.
  • Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру-интерактивті, көрнекі және қызықты сабақтар үшін цифрлық құралдарды қолдану.

Студенттерүшін:

  • Сабақтарға, сынақтарға және емтихандарға дайындалу үшін қажетті оқулықтар мен мақалаларды тез табуды үйрену.
  • IPR SMART үлкен цифрлық кітапханасымен жұмыс істеудің ыңғайлы құралдарын меңгеру.
  • Рефераттар мен курстық жұмыстар үшін сілтемелер мен библиографияны оңай рәсімдеуді үйрену.
  • Сарапшының лайфхактарын тыңдап, уақытыңды қалай үнемдеп, тиімді оқуға болатынын білу.

Барлық қатысушылар - сертификаттарға ие болады.

Тіркелу сілтемесі:https://edp-hub.kz/smart-digital-lesson