Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Ташкент қаласындағы Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы іс-сапар.

25 қараша 2025ж.

Ташкенттегі академиялық ұтқырлық сапары М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор А. А. Сманова және аға оқытушы Н. А. Шынтаева 17–28 қараша 2025 жыл аралығында Ташкент қаласындағы Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс-сапарда.

- Халықаралық ынтымақтастық проректоры Раима Ширинова ханыммен кездесуде екі университет арасындағы әріптестікті дамыту бағыттары талқыланып, академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асыру, оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуын жүйелеу мәселелері көтерілді.

- «Ғылыми зерттеу негіздері» пәні бойынша магистранттарға оқу сабағы өткізіліп,
- ғылыми-зерттеу әдіснамасының теориялық негіздері,

- зерттеу үдерісінің кезеңдері,

- эмпирикалық деректерді жинау және талдау тәсілдері қарастырылды.

Магистранттардың зерттеу құзыреттілігін арттыруға бағытталған практикалық және талдамалық жұмыстар орындалды.

- Академиялық ұтқырлық – халықаралық білім кеңістігіне интеграцияланудың, ғылыми әлеуетті арттырудың және заманауи тәжірибелермен алмасудың маңызды құралы.
Алдағы уақытта бірлескен конференциялар, семинарлар мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.