Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінде профессор-оқытушылар құрамы 1-курс студенттерімен танысты.

2 қыркүйек 2025ж.

Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде өткен кездесуде профессор-оқытушылар құрамы 1-курс студенттерімен жүздесті. Жаңа оқу жылына қадам басқан жас буынды факультет ұжымы құттықтап, білім жолында үлкен табыстар мен сәттілік тіледі!
Жиын барысында факультет деканы А.Тұрарова университетіміздің тарихы мен жетістіктері жайлы кеңінен әңгімелеп, білім ордасының рухани құндылықтарымен таныстырды. Бiлiм туралы 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ал факультет деканының орынбасары Е.Дүйсенбеков студенттерге кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері мен оқу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, әр мамандық бойынша топ кураторлары таныстырылып, студенттер университеттің оқу корпустары мен инфрақұрылымымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен белестердің бастауы! Барша 1-курс студенттерін тағы да құттықтай отырып, табысты, мазмұнды, қызықты студенттік өмір тілейміз!