Новости

«Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі-Қазақстанда бағдарламалауды дамытуға арналған ұйым.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде халықаралық «52-ші WFK PAS жастар еріктілері бағдарламасы» аясында жазғы мектептің ашылу салтанаты өткізілді. Жоба Pacific Asia Society (Тынық мұхиты-Азия қоғамдастығы) халықаралық ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Университет қабырғасында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында іске асырылып жатқан жеті бағыт бойынша жарты жылдық есептік кездесу өтті.

Университет қабырғасында Басқарма төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов еліміздің білім саласына үлесін қосып жүрген қызметкерлерге марапаттарын табыстады.

Университетімізде Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларға арналған дөңгелек үстел өтті.